Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1060558
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түрік Қарулы Күштері Ирактың солтүстігіне әуе операция жасады. Операцияда 4 террорист залалсыздандырылды» деген хабарға орын берген.  Газет Ирактың солтүстігіне жасалған әуе операцияларында  PKK-лық 4 террористтің  залалсыздандырылғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Бас штаб басқармасы жасаған мәлімдемеде Ирактың солтүстігіндегі Авашин-Басиян аймақтарына жасалған әуе операцияларында PKK террор ұйымы қолданған жолдар жойылды. Сондай-ақ операцияларда әскери база аймақтарына шабуылға дайындалғаны анықталған 4 террорист залалсыздандырылды.

Хүрриет газеті «Әйгілі тарихшы Илбер Ортайлы өз кітапханасын тарту етті» атты тақырып қолданған. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның әйгілі тарихшы профессор Илбер Ортайлыны Президенттік сарайда қабылдағанын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда профессор Ортайлы Бештепеде өткен қабылдау барысында өзінің жеке кітапханасын Президенттік сарайына тарту етті. Президент Ердоған да Түркияның ең үлкен кітапханасы болатын Президенттік кітапханасына жасаған тартуына орай профессор Илбер Ортайлыға алғыс айтты. Әйгілі тарихшы профессор Ортайлы 2017 жылы тарих саласында Президенттік мәдениет және көркемөнер сыйлығын алған еді.

Ватан газеті хабарын «Анталияға орыс туристтер өте көп келді» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабарына қарағанда туризмде арт артынан рекорд жаратқан және қыркүйек айының аяғынан бастап, 11 миллион 117 мың  460 туристпен жаңа рекорд жаңалаған Анталияда орыс пен ағылшын туристтердің артуы назар аударуда. Қалаға 9 айда 4 миллион 134 мың 102 орыс, 531 89 ағылшын турист келді.

Стар газеті «ASELSAN-ның су асты қаруы 'Tork'  теңіз тесттерінен өтті» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Әскери электроника өнеркәсібі ASELSAN таяу болашақта ең маңызды су асты қаруы «Hard-Kill Torpido» тақырыбында жұмыстарын жалғастыруда. ASELSAN Түркия ғылым және технология зерттеу қоғамының қолдауымен жүргізген жұмыстары аясында қысқа мерзім ішінде өнімдерін өндіре бастады.  ASELSAN-ның су асты қаруы «Tork»  теңіз тесттерінен өтті.

Йени Шафак газеті «Медицина ғалымына бағыт берген 100 түрік тізімінде Азиз Санжар бірінші орында» деген тақырып қолданған.  Газеттің хабарына қарағанда «Turkishtime» тарапынан ұйымдастырылған  «Медицина ғалымына бағыт берген 100 түрік» зерттеудің нәтижесі бойынша дайындалған тізімде алғашқы орында Нобель сыйлығының иегері профессор Азиз Санжар алды.

 



Ұқсас жаңалықтар