Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1056136
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған Малкольм Икстің қыздарын қабылдады» деген хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Біріккен Ұлттар Ұйымының 73-ші Бас Ассамблеясына қатысу мақсатымен АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына барған президент Режеп Тайып Ердоған Малкольм Икстің қыздары Кабилах пен Илясахты қабылдады.  Ердоған кездесуден кейін  «Әлем бестен үлкен» деген бір суретке қол таңбасын қалдырып, бұл суретті кабилах пен Илясахқа сыйлады.

Сабах газеті «Бір ай ішінде 33 террорист залалсыздандырылды» атты тақырып қолданған. Газет соңғы бір аптада ұйымдастырылған ішкі қауіпсіздік операцияларында 33 террорист залалсыздандырылғанын жазған. Газеттің хабары бойынша Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде террор ұйымына қолдау көрсеткені және террор ұйымдарымен байланысы болғаны себепті 677 адам және есірткі қылмысынан 4 мың 847 адамның соңғы бір аптада бақылау астына алынғаны білдірілді.

Ватан газеті хабарын «Стамбул Жаңа әуежайының ұшу сынақтары тамамдалды» деген тақырыбымен берген. Газет Қатынас және инфрақұрылым министрі Жахит Туран және президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан 29 қазан күні Стамбул Жаңа әуежайының тұсау кесер рәсімінің өткізілетінін хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда Стамбул Жаңа әуежайының ұшу сынақтары тамамдалды. Қатынас және инфрақұрылым министрі Жахит Туран бұл туралы Стамбул Жаңа әуежайы қызметке қосылғанда әлемнің ең үлкен әуежайы болатынын баяндады.

Хүрриет газеті «Үлкен туризм кемелері демалыс жаннатына келіп аялдады» атты хабарға орын берген. Газет Айдын провинциясының Кушадасы ауданындағы Egeport Кушадасы портына «Azamara Pursuit» және «Silver Whisper» атты екі үлкен кеменің аялдағанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда осы екі кемеден түскен жолаушылар автобус арқылы Эфес ежелгі қаласы және Мариям ана үйі сынды тарихи жерлерді аралайды.

Йени Шафак газеті «Түрік палуаны алтын медаль алды» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Словакияда өткен Бүкіләлемдік Жастар күрес чемпионатында түрік палуан Ариф Өзен  алтын медаль олжалады. Президент Режеп Тайып Ердоған Бүкіләлемдік Жастар күрес чемпионатында алтын медаль алған палуанды құттықтады.

 



Ұқсас жаңалықтар