Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1048664
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Президент Режеп Тайып Ердоған валюта жөнінде шешім жасады» деген хабарға орын берген. Газет Түрік Лирасының құнын қорғаумен байланысты Президент Ердоғанның үкімінің ресми газетте жарияланғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда жылжымайтын мүліктердің сатылуында, алынуында және сауда-саттықтарда Түрік Лирасы қолданылады. Валюта бағамы арқылы жасалған келісімдер 30 күн ішінде Түрік Лирасына айналады.

Сабах газеті «Лондонда Түрік сауда орталығы ашылды» атты тақырып қолданған. Газет Сауда министрі Пекжан Ұлыбританияның астанасы Лондонда Түрік сауда орталығының ашылуының тұсау кесерін жасағанын хабарлаған. Пекжан Түрік сауда орталығында қызмет істеген керамика, құрылыс, сәулет және дизайн секторындағы фирмалардың өнімдерін тексеріп, мағлұмат алды. Түрік сауда орталығы 13 фирмаға үй иелігін жасауда.

Ватан газеті хабарын «Идлиб мәселесі Түркиямен болған ынтымақтастық арқылы шешіледі» деген тақырып қолданған. Газет Катар сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед бин Абдурахман Джасим әл-Санидің Сирияның Идлиб аймағында болған оқиғалардан қатты алаңдағанын айтқанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Әл-Сани қақтығыссыз аймағы болған Идлибтің террордан тазалануы және халықтың амандығының қорғалуы жолының Түркия сияқты аймақтағы одақтастармен жасалған ынтымақтастықтан өтетінін білдірді. Сирия режимінің тағы бір мәрте өз халқына бағытталған қырғын әрекетінен алаңдағанын баяндаған Әл-Сани әлемнің осы оқиғаны тосу үшін жеткілікті күш жұмсамағанын түсіндірді.

Йени Шафак газеті «Түркияны мақтанышқа бөлеген рекорд бәсекесі» атты хабарға орын берген. Газет Түркияда тұңғыш рет рекорд бәсекесі өткізілгенін жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда әлемде тек Түркия мен Америка Құрама Штаттарында өткізілген бәсекеге 157 команда өтініш берді. Бәсекелерде бесеуі өзі дизайн еткен зымырандарын атты.

Стар газеті «Стамбулда авиация фестивалы басталуда» деген тақырып қолданған. Газет Стамбул, авиация, ғарыш және технология фестивалының 20-23 қыркүйек аралығында өтетінін жазған.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар