Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы соңғы жаңалықтарға орын берген.

1046392
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Акдамар шіркеуінде 3 жылдан кейін діни ғибадат» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ванның Геваш ауданында, түбекпен бірдей атауға ие Акдамар шіркеуінде 3 жылдан бері алғашқы діни рәсім ұйымдастырылды. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой жақын қадағалаған діни рәсімді Түркия Армян патриархы орынбасары Арам Атешян мен қасындағы дін қызметкері Сахак Машалян және патриарх орынбасары Мағакия Бескисизян басқарды. Рәсімге Түркия және шетелден көптеген адам қатысты.

Сабах газеті «Эмине Ердоғанға гуманитарлық қызмет жүлдесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған Мьянмада болып жатқан гуманитарлық трагедиядан бастап, халықаралық қоғамның назарын аударған талпыныстар, езілгендер мен мұқтаждарға бағыттап жүзеге асырылған қайырымдылық жұмыстары үшін «Жаһандық донорлар форумы» тарапынан «Гуманитарлық қызмет жүлдесіне» лайық деп жарияланды. Эмине Ердоғанға жүлдесі 11 қыркүйек күні Лондонда ұйымдастырылатын рәсіммен табыс етіледі.

Хабертүрік газеті «Анталияға әуе жолымен 9,6 миллион шетелдік турист келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталия қалалық мәдениет және туризм дирекциясы Анталияға әуе жолымен келуші шетелдік турист көрсеткіштерін жариялады. Биыл келген турист саны 9 миллион 666 мың 859-ға көтерілді.

Ватан газеті «Қытайлықтар Түркияға кептірілген жүзім үшін келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда қытайлықтардың АҚШ-тан импорттаған кептірілген жүзімді Түркиядан сатып алу шешімінің артынан Қытайдан келген делегация Түркияның ең үлкен кептірілген жүзім экспортшыларының бірі Тариш интеграция зауытын аралады. Зауытты ұнатқан Қытай делегациясы түрік лауазымдыларға ризашылық білдірді.

Стар газеті «Тарихи кесене тасымалданады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Батманның тарихи Хасанкейф ауданында құрылыс жұмыстары жалғасып жатқан Ылысу бөгеті себепті су астында қалатын жәдігерлерді құтқару жұмыстары аясында 800 тонна салмағындағы Имам Абдуллах кесенесі бүгін жаңа қонысына тасымалдануда.



Ұқсас жаңалықтар