Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

981931
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті Ердоған мен Путиннің сөйлескенін хабарлаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлесті.  Телефон әңгімесінде Сириядағы соңғы жағдай, Аккую атом стансасы жобасымен бірге Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісі жобасының ахуалы қолға алынды. Екі лидер айырықша Сирияда саяси шешімнің жолын ашу үшін Астана механизмінде қол жеткізілген табыстардың маңыздылығын меңзеді.

Хабер Түрік газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген. Германияның Солинген қаласында 25 жыл бұрын нәсілшілдер өртеген үйде қаза тапқан Генч отбасының мүшелерін еске алу үшін еске алу рәсімі өткізілді.  Рәсімге Германия канцлері Ангела Меркель,  ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Солтүстік Рен Вестфалия уәлаяты премьер-министрі Армин Лашет қатысты.  Түрік Сыртқы істер министрі осында түрік отбасының трагедиясы мен Германияда нәсілшіл шабуылдарға душар болған басқа да түрік азаматтарының проблемасына назар аударды.  «Германияны өздеріне екінші отан деп есептеген осы азаматтардың жалғыз үміті – осы қоғамның тең азаматы болу» деді ол.

Стар газеті әскери қорғаныс тақырыбына орын берген.  Әскери электроникалық  өнеркісіп Аселсанның İntersept Sonar жұйесі ASİST Ай типті сүңгуір қайықтарда қолданыла бастады.  Осы жаңалықты Аселсан хабарлады. Аселсан жаңа қондырғыны Теңіз күштері қолбасшылығының мұқтаждығын қамдайтын түрде, әскери стандарттарға сай жобалады және толығымен отандық мүмкіндіктер қолданылды.

Сабах газеті туризм хабарына орын берген.  Туризмде 2018 жылы 14 миллион турист деген мақсат қойған Анталияға 28 мамыр күнінің деректеріне қарағанда тек әуежолы арқылы келген турист саны 3 миллионға жақындады.  Аталмыш көрсеткіш 2015,2016,2017 көрсеткіштерінен асып түсті.

Ватан газеті «Стамбулда 1700 жылдық қабір табылды» деген хабар жариялаған.  Стамбул Зейректегі тарихи Шейх Сүлейман мешітінің реставрациясы барасында төменгі қабатта 1700 жылдық екені болжалған пұтқа табынғандардың қабірі табылды. Фондтар 1-шы аймақ директоры Мүрсел Сары «Үстіне мешіт салынған ғимараттың төменгі қабатында Рим дәуірінен қалған екі қабат бар.  Төменгі бірінші қабат сегіз бөлімді қабірстан» деді.



Ұқсас жаңалықтар