Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

980263
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Геотермалды электр өндірісі алғашқы 4 айда 35 пайыз артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Геотермалды Электр стансасы инвесторлар қоғамы (JESDER) 2018 жылдың алғашқы төрт айында геотермалды электр стансаларынан өндірілген электр көлемінің 2017 жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 35 пайыз артып, 2 миллиард 259 миллион киловатт сағатқа ұласқаны білдірілді. JESDER жасаған мәлімдемеде жаңартыла алатын энергия көзі ретінде геотермалды электр өндірісі үлесінің артқаны атап көрсетілді.

Стар газеті «Түркияға тағы жаңа бір әуежай» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда вице-премьер және үкімет мәлімдемешісі Бекир Боздағ Йозгаттың 2019 жылдың екінші жартысында жүрдек пойызбен танысатынын атап көрсетті. Боздағ Йозгат әуежайының іргетасының болса 3 маусым күні рәсіммен қаланатынын жариялады.

Сабах газеті «ТАНАП жобасында соңғы саты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әзірбайжанның Каспий теңізінде өндірген табиғи газдың Түркияға және Еуропаға тасымалдануын мақсат еткен Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі жобасы ТАНАП-тың Түркияға кірісі болған Ардахан Пософта құбырларды қосу және пісіру жұмыстары аяқталды. Құбырлар топыраққа көмілді.

Хабертүрік газеті «Түрік қызыл жарты ай қоғамы мен Катар қайырымдылық мекемесінен Йеменге 1 миллион долларлық жәрдем» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік жарты қызыл ай қоғамы мен Катар Қайырымдылық мекемесі арасында қол қойылған ынтымақтастық хаттамасы аясында Йеменде жалғасқан гуманитарлық жұмыстар үшін 1 миллион долларлық ақшалай жәрдем жасалды. Түрік қызыл жарты ай қоғамы Стамбұл бас кеңсесінде болып өткен рәсімде Түрік қызыл жарты ай қоғамының төрағасы Керем Кынык пен Катар Қайырымдылық мекемесі директоры Файсал Рашид Әл-Фехайда ынтымақтастық хаттамасына қол қойды. Кынык осында айтқан сөзінде адамзаттың үлкен дағдарыстарының бірі ретінде Йемен мәселесі жайлы Катар Қайырымдылық мекемесімен ортақ бір бағдарлама жүргізу жөніндегі екі ынтымақтастық хаттамасына қол қойғандарын атап көрсетті.

Сабах газеті «Түрік флоты жаңа технологиямен жабдықталды» патты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қорғаныс өнеркәсібі кеңесшілігі (SSM), 2017 жылы тығыз бір тапсырыс бағдарламасын жүзеге асырды. Кеңесшілік тарапынан 2017 жылы жүзеге асқан тапсырыстарда қауіпсіздік күштерінің қолданысына жаңа қару, көлік және құрал-саймандар ұсынылды. Бора мен «K» зымырандарының сынақтары мен қабылдаулары аяқталып, 200-ден астам «K» зымыраны, 50-ден астам Бора зымыраны табыс етілді. 2017 жылы инвентарға 20 дана İHA/SİHA (пилотсыз ұшу аппараты), 9 дана «T129» Атак тікұшағы, 5 дана «Sikorsky S-70», 2 дана «A400M» ұшағы қосылды. Қауіпсіздік күштерінің қолданысына 650-ден астам «Cobra II», «Kirpi» «Ejder Yalçın» сауытты көлігі табыс етіліп, Флот күші жаңа кемелердің қосылуымен арттырылды.



Ұқсас жаңалықтар