Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

971149
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Израиль бір террор мемлекет» деген хабарға орын берген. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның АҚШ-тың өкілетті елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру барысында көптеген палестиналықтардың Израиль әскерлері тарапынан шейіт етілуіне наразылық көрсеткенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда ресми сапармен Ұлыбританияда барған  Ердоған бұл жерде түрік студенттеріне үн қатты. Ердоған «Израиль мемлекеті қырғын жасауда. Израиль бір террор мемлекеті» деді. Президент Ердоған «Бұл адамдық трагедия. Осы қылмысты істеген Израиль мен АҚШ-ты айыптаймын. Осы оқиғаға үнсіз қалғандарға лағінет айтамын. Қазір Израиль террорлық қырғын жасауда. Израиль бір террор мемлекеті. Террор мемлекеті болғаны осы оқиға арқылы дәлелденді» деді.

Хабар Түрік газеті «Иерусалим тәуелсіз Палестинаның астанасы» атты тақырып қолданған. Газет премьер-министр орынбасары және үкімет мәлімдемешісі Бекир Боздағтың жаулаушы Израиль әскерлерінің шерушілерге шексіз күш қолданғанына және көптеген палестиналықтарды қырғындағанына наразылық көрсеткенін мәлімдеді. Газеттің хабарына қарағанда Боздағ кешегі қарғынның тарихта «қанды қырғын» ретінде қалатынын білдірді. Америка Құрама Штаттарының халықаралық құқықты аяқ астына алып, өкілетті елшілігін Иерусалимге көшіруіне қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің дереу аттанысқа кіруі керектігін баяндаған Боздағ «Ислам елдерінің бірге әрекет етулері керек» деді.

Ватан газеті хабарын «Америка Құрама Штаттарының дәнекерлігі енді бітті» деген тақырыбымен берген. Газет Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның Иерусалимде болған Израиль қырғынында үлкен провокацияға қол таңбасын басқан АҚШ-тың бұдан кейін Израиль-Палестина мәселесінің шешімінде дәнекерлік бола алмайтынын мәлімдеді. Газеттің хабарына қарағанда Чавушоғлұ АҚШ-тың өкілетті елшілігін Иерусалимге көшіру барысында болған оқиғаларға байланысты «Бір тараптар ән-би ашылу рәсімі болған кезде, бір тараптан қырғын болуда. Екі әрекет те бір жерде болуда» деді. Чавушоғлұ «Израиль әскерлері палестиналық ереуілшілерге шексіз күш қолданды. Израиль мемлекеті қырғын жасады. Израиль бір террор мемлекеті» деді.  Палестиналықтардың бейбіт ереуіл ұйымдастырғанын түсіндірген Чавушоғлұ «Бейбіт ереуіл жасағандарды аямауда. Осы аяусыз қырғынға үнсіз қала алмаймыз» деді.

Сабах газеті «Стамбулда Иерусалим шеруі» атты хабарға орын берген. Газет Стамбулдың Бейоғлұ ауданында жиналған мыңдаған адымның АҚШ-тың өкілетті елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруін протест еткенін жазған.

Сабах газеті «18 триллион долларды басқарған банк, қор және фирмаларды Түркияға инвестиция салуға шақырды» деген тақырып қолданған. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның Лондонда жаһандық нарыққа жөн сілтеген және 18 триллион долларды басқарған алпауыт инвесторлармен кездескенін жариялаған.  Газеттің хабарына қарағанда жиналысқа Citigroup, Credit Suisse, Deutsche Bank, Goldman Sachs, JP Morgan, Morgan Stanley, Rabobank, BlackRock International, Bluebay Asset Management, Fidelity International секілді 25 фирма мен қордың бас директорлары қатысты.

 


Этикеттер: #АҚШ , #Израиль

Ұқсас жаңалықтар