Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

953766
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті президент Ердоғанның Иран президентімен сөйлескенін жазған.  Хабарға қарағанда, президент Режеп Тайып Ердоған мен Иран президенті Хасан Рухани телефонда сөйлесті.  Телефон әңгімесінде екі лидер Сирияның территория тұтастығының сақталуы және дағдарысқа түбегейлі саяси шешім табылуы үшін Түркия,  Иран және Ресейдің Астана процесі аясында бірігіп жұмыстануының маңызын баса көрсетті.  Әңгіме барысында Түркия мен Иран арасындағы экономика қатынастарының да даму үстінде екені атап айтылды.

Йени Шафак газеті төтенше жағдай жөніндегі хабарға орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында бас қосқан Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі жиналыстан кейін мәлімдеме жариялады.  Кеңес үкіметке Төтенше жағдайдың созылуына кеңес берді.  Мәлімдемеде сондай-ақ Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі жиналысында елдің ішкі және сыртқы қауіпсіздігі мен халықаралық қауіпсіздік атмосферасына әсер еткен саяси және әскери оқиғалар қолға алынғаны атап көрсетілді.

Хүрриет газеті вице-премьер Боздағдың сөздеріне орын берген.  Вице-премьер және үкімет мәлімдемешісі Бекир Боздағ Министрлер кабинеті жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.  Боздағ Эгей теңізі аймағындағы байрақ оқиғасына байланысты: «Эгейдегі аралдарға байланысты келіспеушілік тақырыптары нақты. Түркияның Эгей теңізінде өз еркімен қозғалуға рұқсат беруі мүмкін емес. Егер Грекияның есебі сондай болса,  онда есептері теңізге батады» деді.

Ватан газеті Энергия және табиғи ресурстар министрінің сөздеріне орын берген.  ТР Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак Германияның астанасы Берлинде кездесулер жүргізді.  Албайрак «Екі елдің сауда серігі ретінде шамамен 40 миллиард евроға жақындаған сауда айналымы бар.  Түркия импортында екінші, экспортында бірінші ел болу себебімен Германия - Түркия үшін бас тартылмас маңызды серік ел» деді.

Стар газеті «Қытайда 2018 Түркия туризм жылы басталды» деген хабар жариялаған.  Қытайда 2018 Түркия туризм жылының беташарына ТР Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш қатысты. Министр 2018 жылдың екі ел арасындағы қарым-қатынастардың деңгейін көтеру тұрғысынан мүмкіншілік екенін атап көрсетіп: «Түркия мен Қытай арасындағы жақындасу әлемдік теңгерім ішінде жаңа бейбітшілік пен тыныштық тәртібінің қалыптасуына үлес қосады деп үміттенемін» деді.



Ұқсас жаңалықтар