Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түрік қарулы күштерінің қолдауымен Еркін Сирия армиясы бақылауға алған Сирияның Африн аймағы жайлы хабарларға кең орын берген.

932644
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған күнін белгіледі» атты хабар жариялады. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған 1915 Чанаккале көпірі мен Малкара-Чанаккале автожолының мұнара тұрғызу рәсімінде жасаған баяндамасында Чанаккале көпірінің 18 ай бұрын аяқтап, 18 наурыз 2022 жылы ашылатынын атап көрсетті.

Йени шафак газеті «Қауіпсіздік және гуманитарлық жәрдем жұмыстары жалғасуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Сирияның Африн аймағында жалғасқан Зәйтүн бұтағы операциясында Африн аудан орталығының Түрік қарулы күштерінің қолдауымен Еркін Сирия армиясы тарапынан кеше азанда бақылауға алынуымен байланысты әлеуметтік медиа арқылы мәлімдеме жасады. Калын «Зәйтүн бұтағы операциясы Африн орталығының террористерден тазалануымен маңызды бір сатыны артта қалдырды. Қауіпсіздік және гуманитарлық жәрдем жұмыстары жалғасады» деді.

Сабах газеті «Түркияны үлгі алулары керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда вице-премьер және үкімет мәлімдемешісі Бекир Боздағ әлеуметтік медиа арқылы мәлімдеме жасады. Боздағ мәлімдемесінде Түрік қарулы күштерінің Африн аймағында Зәйтүн бұтағы операциясында Африн аудан орталығын бақылауға алумен байланысты «Бейбіт халыққа зиян келтірмей, бір жазықсыз адамның мұрыны қанамай, ғибадатханалар, мектептер, ауруханалар және тұрғын аймақтарын қиратпай террормен күресу және бір аймақты террордан тазалағысы келетін армиялар Түрік армиясын, мемлекеттер болса Түркияны үлгі алулары керек» деді.

Хабер түрік газеті «1,5 миллион орыс турист күтуде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталияның Кемер муниципалитеті және Кемер аймағы таныту қоры (KETAV) төрағасы Мұстафа Гүл биыл Анталияға 5 миллион орыс турист күткендерін, Кемерде мұның 1,5 миллионын қонақ етуді жоспарлағандарын атап айтты. Гүл аудандағы қонақүйлерде ерте брондаулардың жақсы жүріп жатқанын білдірді. Биыл туризмнің маңызының одан жақсы байқалғанын атап көрсеткен Гүл «Әрі Мәдениет және туризм министрлігімізге, әрі 7-8 жылдан бері туризм министрі сияқты жұмыс істеп жатқан сыртқы істер министріміз Мевлүт Чавушоғлуна алғысымды айтамын» деді.

Стар газеті «Түркия бүкіләлемдік кілем экспорты нарығында екінші орнында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия 2013-2017 жылдарын қамтыған 5 жылдық кезеңде 10,6 миллиард долларлық кілем экспортын жүзеге асырды. Халықаралық Сауда орталығы мағлұматтарына қарағанда Түркия Қытайдың артынан әлемнің ең көп кілем экспорттаған мемлекетіне айналды.



Ұқсас жаңалықтар