Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер Түркия жөніндегі маңызды хабарларға орын берген.

910244
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Премьер-министр Йылдырым: «бұл жолы қатты жартасқа соқтыңыз» деді» деген хабар жариялаған. Ерзинджан қаласында халыққа үн қатқан премьер-министр Бинали Йылдырым Америка Құрама Штаттарының террорлық ұйым YPG-ге көмектеріне наразылық білдіріп: «Бұл жеңіл емес, бұл жолы қатты жартасқа соқтыңыз» деді.

Ватан газеті «НАТО бас хатшысынан Түркия жөнінде мәлімдеме» деген хабарға орын берген.  НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Түрік Қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағындағы Зәйтүн бұтағы операциясына байланысты «Түркияның қауіпсіздік уайымдары орынды. Ешбір НАТО мүшесі Түркия секілді террорлық лаңкестіктерге душар болмады.  Түркия осы қауіпсіздік уайымдарын шешу құқығына ие» деді.

Хабер Түрік газеті «Шимшек: «Ірі фирмалардың валюта қарыз реттеулері маусым айына дейін аяқталады» деген хабарға орын берген.  Вице-премьер Мехмет Шимшек ірі фирмаларды қамтитын валютамен қарыздану реттеуінің маусым айына дейін аяқталатынын айтты.  Шимшек Қазына есепшотындағы өзгерістің болса экономикалық қысымнан туындамағанын атап көрсетті.

Стар газеті «Түрік іскерлер Суданда туризм қаласын құрады» деген хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда Әділет және даму партиясының депутаты Шахин Тин түрік іскерлердің Суданның Қызыл теңіз уәлаятында туризм қаласын құратынын айтты.  Қызыл теңіз уәлаяты әкімімен жүргізілген келіссөз нәтижесінде Порт Судан аймағына 10 мың адам тұратын туризм қаласы салуға шешім берілді.  Салынатын қала Суданда бір жаңалық болады.  Заманауи түрде жоспарланып,  Суданды әлемге таныстырады. Бұл шамамен 250 миллион долларлық бір инвестиция болады.

Хүрриет газеті де туризмге байланысты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда,  Германиядан Түркияға жазғы демалыс үшін брондау саны жаңа жылдан бері өткен жылмен салыстырғанда 50 пайыз артты.  Өткен жылға қарағанда биылғы турист санының артуын күткендерін атап көрсеткен Берлиндегі Туризм кеңесшісі Хүсейін Гази Джошан Түркияның Германия нарығына оралғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар