Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

844765
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Батпайтын күн сияқты мәңгілік нұр шашып тұрады» деген хабарға орын берген.  Газет Республикамыздың құрушысы және тұңғыш президенті Гази Мұстафа Кемалды арғы дүниеге аттануының 79-шы жылдығында, Оны тағы бір рет құрметпен еске аламызды жазған. Газеттің хабарына қарағанда түрік халқы заманауи Түркияның құрушысы Мұстафа Кемал Ататүрікті сүйіспеншілік, құрмет және сағынышпен еске алуда. 10 қараша - Түркия Республикасы мемлекетінің құрушысы және тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болған күні.  Дәл осы күні Түркияның төр бұрышынан мыңдаған адам Ататүрікті еске алу үшін Аныткабирге келеді. Президент Режеп Тайып Ердоған Гази Мұстафа Кемалдың дүниеден озуының 79-шы жылдығына орай жазбаша жолдама жариялады. Ердоған жолдамасында «Республикамыздың құрушысы Гази Мұстафа Кемалды арғы дүниеге аттануының 79-шы жылдығында құрметпен еске аламын. Гази Мұстафа Кемал басшылық жасаған ұлтазаттық күресіміз, қол жеткізген теңдесі жоқ жеңістер мен ұлтымызды ортақ бір арман төңірегінде біріктіріп құрған республикамыз бен бүкіл әлемде мақтанышқа ие болған батыр бір әскер құрметті бір басшы болып табылады» делінді.

Ватан газеті «Жаңа парақ ашылады» атты тақырып қолданған. Газет премьер-министр Бинали Йылдырымның Америка Құрама Штаттары президенті орынбасары Майк Пенспен кездескенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда  Йылдырым Америка Құрама Штаттары президенті орынбасары Майк Пенспен кездесуінің сәтті өткенін білдіріп «Шын ниетті түрде өзара әңгімелестік. Мәселелерді ортаға қойдық. Екі ел қарым-қатынастары, аймақтық және халықаралық тақырыптарды қолға алдық. Қарым-қатынастарды жақсарту жөнінде екі жақта ынталы» деді. Ақүйден жасалған алғашқы мәлімдемеде «Екі ел арасында жаңа парақ ашылады» делінді.

Йени Шафак газеті хабарын «БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Түркияға алғыс айтты» деген тақырыбымен берген. Газет премьер-министр Бинли Йылдырымның Америка Құрама Штаттары сапары аясында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездескенін жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда Йылдырым кездесуге байланысты жасаған мәлімдемесінде «Әсіресе Түркияның маңында тұрақсыздықтардың пайда болғанын, босқын мәселесінің Түркияға қаншама үлкен жүк болғанын құрметті бас хатшы  өзі айтты. БҰҰ-на мүше болған елдердің осы жүктерді бөлісуі керек» деген сөздеріне орын берілген.

Сабах газеті «Түркия жаңа жер серігімен жаһандық күш болады» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда АҚШ бизнесмені, автокөлік алпауыты Tesla және Space X ғарыш зерттеу компаниясының басшысы Элон Маск Түркияға келді.  Элон Маск 2020 және 2021 жылы жіберілетін Tüksat жер серігі ынтымақтастығы үшін 500 миллион долларлық келісімге  қол қойды.

Стар газеті «Отандық автокөлік әлемде де өндіріледі» деген тақырып қолданған. Газет Түркияның автокөлік жобасында өндіруші фирмалардың белгілі болған соң жұмыстардың тездетілгенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түркияның көптеген провинциясы «отандық автокөліктерімізді біздің провинциямызды жасаңдар» деген үндеу тастаса, азаматтық ұйымдар мен өндіруші фирмаларда аттанысқа кірді.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар