Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

836684
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркия ойынды бұзады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған кейбір күштердің жаһандық және аймақтық деңгейде бір қатар сценарийлерді іске қосуға тырысқанын атап көрсетті. Түркияның оңтүстігінде бір террор мемлекеті құруға әрекет жасалғанын атап көрсеткен Ердоған Түркияның бұл ойынды бұзатын күшке ие екенін атап көрсетті. Ердоған Республикамыздың 94-ші жылдығын тойлағанымызға қарап Түркияны жаңа бір мемлекет деп ойлағандар арғы жағымыздағы мыңдаған жылдық тәжірибемізді, күшімізді байқамай отыр» деді. Ердоған «қарсыластарымыз хақ пен құқыққа сай қозғалатын болса, құқықтың ережелерімен бұзамыз. Бірақ қарсыластарымыз бұлардың ешқайсына бағынбайтын болса, онда бұл ойынды күштеп бұзамыз» деді.

Йени шафак газеті «Жүргізушісіз құрлық көлігі келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қорғаныс өнеркәсібі кеңесшілігі жүргізушісіз және ақылды құрлық көліктері өндірісі үшін іске кірісті. Отандық жүргізушісіз құрлық көліктерін жетілдіру үшін Робот конкурсы бастады. Түркия бірнеше жылдың ішінде автономды өз бағытын өзі таба алатын және тапсырманы алыстан басқарусыз орындайтын әскери көлік өндіргісі келеді.

Хабертүрік газеті «Стамбұлдың экономикасы 130 елдің экономикасынан үлкен» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұл губернаторы және Стамбұл өркендеу агенттігі (İSTKA) төрағасы Васип Шахин 349 миллиард долларлық экономикалық өсумен Стамбұлдың 130 елді артта қалдырғанын атап көрсетті. Шахин «Стамбұл өркендеу агенттігі ретінде еліміздің жоғары табыс тобындағы елдер арасына кіруінің жалғыз зерттеу және дамыту жұмыстарының артынан ортаға шығатын жоғары табысты өнімдер болатынына сенеміз» деді.

Стар газеті «Әлемнің мәдени мұраларға бай елі - Түркия» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталияның Перге ежелгі қаласын аралаған Мәдениет және Туризм министрі Нуман Куртулмуш ежелгі қаланың әлемге есіктерін ашу керектігін атап көрсетті. Ежелгі қаланың керемет бір жер екенін бірақ азғана жерінің жарыққа шыққанына назар аударған министр Перге ежелгі қаласында қазба және реставрация жұмыстарының жалғасқанын әлемнің ешбір жерінде мұндай бір байлықтың жоқ екенін атап айтты. Куртулмуш «Біздің дәуірімізден бұрын 4 мың жылынан бері осында тұрады. Эллен кезеңінде Рим империясы кезінде қосымша нәрселер жасалған. Анталияда өте жоғары бір туризм күші бар» деді.

Ватан газеті «Ресей туризмнің негізгі нарығы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Биыл 3 миллион 333 мың туристпен Түркияға ең көп келуші туристтің елдер тізімінде бірінші орынды алған Ресеймен байланысты жақсы жаңалықтар назар аударады. Түркия Қонақ үй қожайындары бірлестігі (TÜROB) Бас хатшысы Хедийе Гүрал Гүр «2018 жылы Түркияның негізгі туризм нарығының Ресей болуы сюрприз болмайды» деді. 2019 жылдың Ресей мен Түркия арасында екі жақты «Мәдениет пен туризм жылы» ретінде жарияланғанын атап көрсеткен Гүр «Бұл мүмкіншілікті пайдалануымыз, атқарылатын жұмыстарды қазірден-ақ жоспарлауымыз аса маңызды болып табылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар