Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

813496
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Түркия экономикасы үлкеюде 7 пайыздық деңгейіне жетеді» деген хабарға орын берген. Газет премьер-министр Бинали Йылдырымның түрік экономикасының үлкеюіне назар аударып, «Үшінші ширектегі қорытынды таяуда жарияланады, үлкеюде 7 пайыздық деңгейге жетеміз» дегенін хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда Түркияның аймағында бір тұрақтылық аралы және бір кепілгер екенін түсіндірген Йылдырым түрік экономикасындағы үлкеюге назар аударып, «Түркия 2017 жылының бірінші ширегінде 5 пайыздық үлкеюге қол жеткізді. Екінші ширекте үлкею деңгейі 5,2 пайыз болды» деді.

Ватан газеті «Boeing ұшағының бөлшектері Түркияда өндіріледі» атты тақырып қолданған. Газет Экономика министрі Нихат Зейбекчинің Boeing ұшағын түрік үлгісіне айналдырғысы келгенін білдіріп, «Тек ұшақ ғана алғымыз келмейді, бөлшектерін жасауға дайынбыз» дегенін жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Зейбекчи Boeing компаниясы басшыларымен Нью-Йоркта өткізілген кездесулеріне байланысты «Boeing ұшағының бөлшектерін өндіретін түрік фирмасын құрып, Boeing ұшағын түрік үлгісіне айналдырамыз. Біздің тек ұшақтар ғана сатып алған емес, технология, мәдени түсінік және зерттеу жұмысын істей алатын түрік фирмасын құруымыз керек. Осы туралы келісімге бардық» деді. Зейбекчи Түркия болып білім беру, технологиялары саласында, кейбір бөлшектердің өндірілуі саласында белсенді жұмыс істейтіндерін айтты.

Хабар Түрік хабарын «Мерсинде цитрус экспорты басталды» деген тақырыбымен берген. Газет Түркияның лимон өндірісінің басым көп бөлімін қамтамасыз еткен Мерсинде цитрус экспортын бастағанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда тұтыну талаптарға өндірушілер қуанышқа бөлінді.Цитрус саласында алдыңғы қатардағы қаласы Мерсин. Өткен жылы Мерсин 587 мың тонналық лимон өндірісімен Түркияда бірінші орынды иеледі. Мерсин жиыны 1 миллион 52 мың тонна цитрус өндірді. Биыл және бұдан кейінгі жылдардағы ұзақ мерзімді нысана 1 миллион тонна лимон болып, 1,5 тонна цитрус өндіру болып табылады. Лимондардың көбі Ресей, Араб елдері және 20-ға тарта Еуропа елдеріне экспорт етіледі.

Сабах газеті «Автомобиль өндіріс басқаруында түріктер бар» атты хабарға орын берген. Газет 5 құрлықта 193 елге экспорт жасаған Түркия автомобиль секторының әлемнің алпауыт фирмаларына да басқарушы жібергенін хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда көптеген түрік басқарушысы әлемнің төрт бұрышында жоғарғы деңгейдегі басшы болып жұмыс істеуде.

Стар газеті «Түріктердің тұңғыш басылған картасы Норвегияда жарыққа шықты» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Норвегия ұлттық кітапханасындағы қоймада ұзақ жылдан бері сақталған картаның түріктер және мұсылмандардың алғашқы басқан картасы болғаны белгіленді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар