Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

795787
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «АҚШ Қорғаныс министр Түркияда» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан қабылданды. Қабылдауда екі жақты және аймақтық тақырыптар қолға алынды.Президенттік қайнар көздерден алынған мағлұмат бойынша ДАИШ және ПКК-ны қамтыған террор ұйымдарымен ортақ күресу тақырыбындағы табандылығымен қатар Сирия және Ирактың территория тұтастығының қорғалуы керектігі түсіндірілді. Осы аяда Эрбиль әкімшілігінің 25 қыркүйекте өткізілуі жоспарланған референдумнің қате бір қадам екені білдірілді.Кездесуде Президент Ердоған АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттиске АҚШ-тың PYD мен YPG-ге берген қолдауынан Түркияның мазасыз болғанын да жеткізді.

Ватан газеті «Түркия мен Вьетнам дамыған динамикалығы бар екі ел» деген тақырып қолданған. Газет премьер-министр Бинали Йылдырымның Вьетнам Социалистік Республикасына сапарлай барғанынан жазған. Газеттің хабарына қарағанда Йылдырым алдымен әріптесі Нгуен Тан Зунгпен оңаша бас қосты.

Кездесудің артынан ортақ баспасөз жиналысы өткізген басшылар екі мемлекет ынтымақтастығының 40 жылдығын тойлайтындарын атап көрсеткен Йылдырым 39 жылдың ішінде премьер-министр және президент деңгейіндегі өзара сапарлар ұйымдастырылмауын үлкен кемшілік екенін жеткізді. Йылдырым «Вьетнам Таяу Шығыстың бұл аймағында соңғы жылдары аса маңызды өркендеу бастамасын жүзеге асырады. Түркия да Вьетнам сияқты өркендейтін динамикалық бір ел. Екі ел арасында өте ұқсастықтар бар. Тұрғын сандары бір-біріне жақын өсу процесі жоғары. 2020 жылына дейін екі жақты сауда көлемімізді 4 миллиард долларға жеткізе аламыз» деді.

Стар газеті хабарын «Атомдық медицинада отындық кезең» атты тақырыбымен берген. Газет Энергия және табиғи байлықтары министрі Берат Албайрактың Түркияда атомның тек энергия саласында ғана емес, медицина, телекоммуникация, жер серігі және коммуникация сынды түрлі салада қолданылатынын білдірді.   

Йени Шафак газеті «Ұлттық астрономия орталығы» атты хабарға орын берген. Газет әлемнің бес ғарыш және авиация орталығының бірі болатын Гөкмен ғарыш авиациялық және білім беру орталығының  беташарының Бурсада жасалғанын жариялады. Беташарға премьер-министр орынбасары Фикри Ышык та қатысты.      

Хүрриет газеті «Ясемин Адар әлем чемпионы» деген хабар қолданды. Хабарда  әйелдер 75 келі салмақты жарыста Ясемин Адардың әлем чемпиондығын иелегенін жазған. Газеттің хабары бойынша  Францияның бас қаласы Парижде ұйымдастырылған Әлем күрес чемпионатында әйелдер 75 келі салмақта алтын медаль үшін жарысқа шыққан Ясемин Адар әлем чемпиондығын иеледі.      Адар әйелдер 75 келі салмақты жарыста Беларус қарсыласы Vasilisa Marzaliuk-ты 5-4 есебімен жеңіп, Түркияның әйелдер ішіндегі тұңғыш әлем чемпиондығын иеледі. Әлем күрес чемпионатында әйелдер 75 келі салмақта алтын медаль алған Ясемин Адарды Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Жастар және спорт министрі Осман Ашкын Бак құттықтады. 



Ұқсас жаңалықтар