Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

732377
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Одақтас болмасақ, онда өзіміз шара табамыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамппен ертең жүзеге асатын кездесуі алдында маңызды жолдамалар жасады. Ердоған «Егер стратегиялық одақтас болсақ, одақтастық төңірегінде шешім қабылдауымыз керек. Одақтастығымызға көлеңке түсетін болса, өз шарамызды өзіміз табуымыз керек. Бұл одақтастықты Түркияға қарсы болатын ұстанымдарға қылқындырмаймыз» деді. Ердоған не бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы YPG-ге, не болмаса оның қарулы қанаты PYD-ге қажеттілік болғанын, бұлардың террор ұйымы екенін атап, «ДАИШ-пен күрес үшін YPG-мен ынтымақтастық міндетсіну негізінде коалицияның және АҚШ-тың абыройын жою деген сөз. Бұл күресті НАТО-да бізбен бірге қозғалған күштер және аймақ елдерімен де жүргізе аламыз» деді.

Стар газеті «Еуроодақтың Түркияға қысымы сенетіндей емес» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, 9-шы Халықаралық ТРТ Деректі фильм жүлделерінің ашылу фильмі «Француз болмайтындай қара» фильмінің режиссері Valerie Osouf көрсетілім алдында айтқан сөзінде назар аударарлық әңгімелер айтты. Osouf «Түркия мәдени түрленуі тұрғысынан керемет бір үлгі. Франция шекара есігін қаққан 70 мың адамға есіктерін ашпай тұрғанда, Түркия 4 миллион босқынды құшақтады. Еуроодақтың еліңізге жасаған қысымдары сенетіндей емес және менің елім сияқты елдер адамдарға сабақ береді дегенмен бұл гуманитарлық құндылықтарды өздері орындамайды. Біздің премьер-министріміз 24 мың босқынды қабылдау жайлы сөз қозғайды. Бұл түк емес, дегенмен көптеген нәрсені түсіндіреді» деді.

Сабах газеті «Түркияны қатты жақсы көрдім» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Голливуд жұлдызы Оскар жүлделі ойыншы Николь Кидман Муғланың Бодрум ауданында бір қонақ үйдің ашылу рәсіміне қатысты. Кидман ашылу рәсімінде айтқан сөзінде «Еліңізді қатты жақсы көрдім. Келесі жолы жұбайым және баламмен бірге келгім келеді» деді. Ашылу рәсімі үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келген 400 танымал қонақтың арасында Дубай және сауд Арабиясы ханзадаларына қоса, АҚШ, Ресей, Германия, Ұлыбританияның кино әлемінің алдынғы қатарлы басшылары, манкеналар және кинофильм ойыншылары бар.

Хабертүрік газеті «Араб турист саны 3 миллионға ұласты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мен араб елдері арасында туризмге бағыттап соңғы жылдары  артып отырған ынтымақтастық жемісін бере бастады. Эдирнеге әртүрлі байланыстар үшін келген Араб туризм ұйымы басшысы доктор Бандар әл-Фухаид «Араб елдерінен Түркияға келген турист саны 2016 жылы 3 миллионға ұласты» деді. Туристтердің теңіз туризміне қоса тарихи қалаларды да таңдағанын жеткізген Әл-Фухаид жазғы маусымда Түркияға келетін турист санының арта алатынын тілге тиек етті.

Ватан газеті «Әлемнің жеңімпазы Вакыфбанк» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Жапонияның Кобе қаласында Волейболдан әлем клубтары Әйелдер чемпионаты финалында турнирге Чемпиондар лигасы жеңімпазы атымен қатысқан Вакыфбанк Бразилияның «Rexona Sesc» командасын 3-0 жеңіп чемпион аталды. 2013 жылдан бері 2-ші рет жеңіске жеткен өкіліміз осылайша мұражайына 7-ші халықаралық кубокты да апарды.



Ұқсас жаңалықтар