Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

679396
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Данфордқа Түркияның маңыздылығы түсіндіріледі» деген хабарға орын берген. Газет Америка Құрама Штаттары Бас штаб төрағасы Джозеф Данфордқа Түркияның ұсынысы қойылатынын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Джозеф Данфорқа   Сирияда ДАИШ-ке қарсы күресуді тездету үшін  Түркияның ұсынысы айтылады және  Түркия мен АҚШ арасындағы күшті ынтымақтастықтың жалғасуы жөніндегі бекімді тұғыры жеткізіледі. Данфорд «Түрік одақтастығымыздың маңызын қолға аламыз және Түркиямен болған күшті одақтастығымызды жалғастыру жөніндегі тұғырымызды айтамыз» деді.

Сабах газеті хабарын «Германияда ПКК-ға рұқсат бар Ердоғанға жоқ» атты тақырыбымен берген. Газет әрқашан еркіндіктерден сөз қозғаған Германияның Түркияға қарсы террор ұйымдарына жалғасты қолдау көрсеткенін жазған. Газеттің хабары бойынша террор ұйымы ПКК-ның митингіне рұқсат берген, Фетуллахшы террор ұйымы мүшелеріне қолдау көрсеткен Германия Президент Режеп Тайып Ердоғанның референдум митингі «тосылсын» деген кампания бастады. Солтүстік Рейн-Вестфалия провинциясы ішкі істер министрі Ральф Йегер федералдық үкіметтің Солтүстік Рейн-Вестфалия провинциясында немесе Германияның әрқандай бір жерінде осындай митингтердің ұйымдастырылуының тосылуы керектігін айтты.

Йени Шафак газеті «Консульдықта бір ПКК мүшесі» деген хабарында Америка Құрама Штаттарының Адана Консульдығының аудармашысы Хамза Улучайдың ПКК-ға бағытталған операцияда бақылау астына алынғанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда Мардиннің Кызылтепе ауданында KCK-нің жоғарғы лауазымымен кездескен және көше ереуілдерін айтақтады дер айыпталған Улучай Аданада Консульдықтан шыққан кезде бақылау астына алынды.

Стар газеті «Алғашқы газ 2018-де» атты хабарында Әзірбайжан газын Еуропаға жеткізетін Оңтүстік Газ коридоры жобасы жиналысының  Бакуде өткізілгенін жазған.  Газеттің хабары бойынша Әзірбайжан Президенті Илхам Алиев «2011 жылы Ердоғанмен жасалған TANAP келісімі осы жобаның бұрылыс түйіні болды» деді.  Энергия және табиғи байлықтары министрі Берат Албайрак та «TANAP-та салынған құрылыстың 65 пайызы тамамдалды, 2018 жылы алғашқы газды жібереміз» деген мәлімдеме жасады.

Хүрриет газеті «Тағы екі шетел тілі қосылады» деген хабарға орын берген. Газет Білім беру министрлігі тарапынан келесі жылы орта мектептерде оқытылатын албан тілі мен боснақ тілі таңдауға болатын сабақ ретінде берілетінін жазған. 



Ұқсас жаңалықтар