Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

655593
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Президент Ердоған : Террормен бөле алмады, экономика арқылы жыға алмады, ендігі кезек бізде» атты хабарға орын берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның президенттік сарайда 34-ші Ауыл басшылары жиналысында айтқан сөзіне орын берген. Хабарда Ердоғанның террор ұйымдарының тек қана қуыршақ екенін, негізгі күресті оларға қолдау берген күштермен жүргізу керектігін атап көрсеткенін жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда террор ұйымдарының сондай-ақ сегізаяқтың қолдары екенін, басқан қадамдарымен өздерін әшкерелегенін атап айтқан Ердоған «Мына бір шындықты да байқап тұрмыз, Егер қуыршақтарды сындырмайтын болсақ, арғы жағындағы күш күресінде жеңіске жете алмаймыз. Осы үшін бөлшектеуші террор ұйымын қимылсыз қалдыру үшін бар шараны қабылдадық» деді.

Йени Шафак газеті хабарын «АҚШ-қа үш шарт» деген тақырыбымен берген. Газет премьер-министр Бинали Йылдырымның жаңа Америка Құрама Штаттары әкімшілігінің Түркиямен қарым-қатынастарын оңалту үшін үші нақтылы қадам басуы керектігін айтқанын жазған. Газеттің хабары бойынша Йылдырымның шарттары төмендегідей. Біріншісі, Фетуллах террор ұйымының басшысы Фетуллах Гүленді Түркияға тапсырып беру үшін құқықтық процес тездетілу керек. Екіншісі, бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сирия жалғасы PYD және YPG-мен ынтымақтастығын, қару жәрдемдерін тоқтатуы керек. Үшіншісі, түрік халқының АҚШ жөнінде өте болымсыз бір түсінігі бар. Фетуллах террор ұйымы параллель мемлекеттік жүйесінің 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінде қалыптасқан осы болымсыз түсінікті оңалту үшін үлкен қадам басуын күтудеміз.

Ватан газеті «Түрік фирмасы Ұлттық авиация және ғарыш басқармасына микроскоп сатуда» атты хабар қолданған. Газет Анкарада жұмыс атқарған түрік нанотехнологиясының 10 жылдық жұмыстан кейін нәрселерді атомдарға дейін көрсете алатын микроскоп өндіріп, Америка Құрама Штаттары Ұлттық авиация және ғарыш басқармасына сата бастағанын жариялаған.

Хүрриет газеті «Мәдениет және туризм министрі Наби Авжы Ресеймен бірге сериалдар түсіреміз» деген хабарға орын берген. Газет  Мәдениет және туризм министрі Наби Авжының биыл Ресеймен мәдени қарым-қатынастардың да қою болатынын білдіріп, «Анталияда орыс медиасымен өткізген кездесуімізде Ресейден сериал түсіру ұсынысы келді. Біз министрлік болып дәнекер боламыз. Осы ұсыныс аясында жоспар жасаймыз» дегеніне орын берген.

Сабах газеті хабарын «Түрік әуе жолдарының жаңа жарнама жұлдызы Морган Фримен» атты тақырыбымен берген. Газет Түрік әуе жолдарының жарнама үшін американ актері, режиссер, «Оскар» сыйлығының иегері, Голливудтың атақты актері Морган Фрименмен келескенін жазған. 



Ұқсас жаңалықтар