Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

653044
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Түнгі клубқа шабуыл жасаған қылмыскер ұсталды» атты хабарға орын берген. Газет жаңа жылда Стамбулда бір түнгі клубқа шабуыл жасап, 39 адамды өлтірген өзбек текті Абдулгадир Машариповтың  ұсталғанын жазған. Хабарда операцияда біреуі қырғыз, үшеуі әйел бес адамның бақылау астына алынғанын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда Машариповтың ұсталуымен күйретілген террор ұйымы ДАИШ мүшесінің түрлі әдістер қолданды. Стамбул қауіпсіздік дирекциясы жанындағы Терроризммен күрес командасы террористтің Есенюрт ауданында жасырынғанын анықтады. Түрлі адрестерге бірдей уақытта операция жасаған полиция террористті жасырынған жерінде құрықтады. Құрықталған бес кісінің үшеуі Мысыр, Сенегал және Сомалиден келген әйелдер. Террористтер жасырыну үшін осы әйелдерді қолданған.

Стар газетінің «Түркияны сүйеміз» деген хабарда жұмыстарын Түркияда жалғастырған манекендер террор шабуылдарынан кейін терроризмге қарсы бірлескенін жазған. Газет шетелдік манекендердің видеода ағылшын тілінде «Түркияны сүйеміз. Қорықпаңдар, осы елге келіңіздер. Керемет тамаша ел» дегендеріне орын берген. Газеттің хабары бойынша манекендер осы видеоларды әлеуметтік медиа арқылы бөлісті.  Осы видеолар қысқа уақыт ішінде көптеген қолданушыға жетті. Түркияда жұмыс істеген әлемге әйгілі манекен осы қимылдары арқылы барша қауымның алғысына ие болды.

Сабах газеті хабарын «ПКК-ның өлімге итермелеген балалар» атты тақырыбымен берген. Газет террор ұйымы ПКК-ның шешелерінің қасынан алып тауға апарған және алдыңғы қатарда өлімге итермелеген балалардың фотосуреттерінің ұлттық барлау ұйымы рапортында орын алғанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда рапортта балалардың ПКК тарапынан жәбір көргені және зардап шеккені білдірілді. ПКК-ның бала террористтерге доллар бергені баяндалған рапортта үңгірлерде балалардың қақтығыстар болмаған кезде отын жинау, дәретхана тазалау, кір жуу, тамақ жасау үшін  қолданылғанын жазылған. Рапортта қыздардың болса күң ретінде істеткені, басшылар ұнатқан қыздардың да тоқал ретінде қолданылғаны баяндалды. Рапорттың соңғы бөлімінде болса, террор ұйымының Сириядағы жалғасы PYD-нің де жүздеген балаларды отбастарынан алып қақтығыстарда қолданылғаны және талай балалардың қаза тапқаны атап өтілді.

Ватан газеті «Түркияның экономикалық іргетасы мықты» деген хабарға орын берген. Газет қаржы министрі Нажи Агбалдың Түркия экономикалық іргетасының мығым екенін айтқанына орын берген.  Газеттің хабары бойынша Түркияның көптеген мүмкіндіктерге ие екенін және жаһандық былықпаларға қарамастан Түркия экономикасының жалғасты үлкейгенін түсіндірген Агбал «Түркия болып, барлық қиыншылықтарға қарамастан үлкею деңгейін жоғарыға көтеруге, инфляцияны төмендетуге және адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге тырысудамыз» деді.

Йени Шафак газеті «Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Шанхай ынтымақтастық ұйымына кірсін» атты тақырып қолданған. Газет Түркия энергия стратегиялары және саясаттарын зерттеу орталығы  төрағасы Оғұзхан Акйенердің ұсынысын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Оғұзхан Акйенер Түркия Шанхай ынтымақтастығы ұйымындағы орны және Ресеймен болған байланысын қолдана отырып, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері тарапынан танылуы жөнінде талпыныс көрсете алатынын ұсынды.

Акйенер «Солтүстік Кипр Түрік Республикасы да орта мерзімде Шанхай ынтымақтастық ұйымы энергия тобы мүшелері арасына кіруіне болады. Тіпті ұзақ мерзімде Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшесі арасына кіруіне болады» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар