Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

602853
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Түркия мен Африка бір жақты жаһандануға қарсы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Түркия-Африка экономикалық және іскер форумының ашылу рәсімінде батыс елдерінің жаһандану процесін бір жақты қабылдағанын тілге тиек етіп, экономикалық өсу үшін жалғыз жолдың IMF пен Әлем Банкі несиелерімен жоғары проценттер екенін алға тартқанына назар аударды. «Алайда Түркия мен Африканың замандас тарихы осылай бір жүйеге наразылық пен көтерілістің тарихи болып табылады» деген президент Ердоған «Біздер осыдан 93 жыл бұрынғы ұлт азаттық соғыста, сіздер болса 1950 және 1960 жылдардың аяғында елдерімізді үлкен наразылықтарға қарамастан орнаттық. Біздер отарланған ел болуды мойындамадық. Біздер екінші тап болуды қабылдамадық. Біздер ғаламшардың жексұрындары емес екенімізді барлық әлемге паш еттік. Африкандықтар да дәл түркиялық бауырлары сияқты еркіндікке игілікпен емес, қаны мен жанын ортаға қойып қол жеткізді» деді.

Ватан газеті «Ресейде Сирия және ДАИШ саммиті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Бас Штаб Басқармасы төрағасы армия генералі Хулуси Акар мен Ресей Федерациясы Бас Штаб Басқармасы төрағасы армия генералі Валерий Герасимов кеше Мәскеуде басқосты. Кездесуде Сириядағы қақтығыстардың шешімі мен Халебтегі жағдайды қалпына келтіру, ДАИШ террор ұйымымен күрес, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатты екі ел арасында координацияны жетілдіру тақырыптары қолға алынды.

Хабертүрік газеті «Автокөлік нарығы қазан айында рекорд жаңартты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия автокөлік және жеңіл сауда көлігі жалпы нарығы 2015 жылдың алғашқы төрт айында алдынғы жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 57,11 пайыз өсті. Автокөлік фирмалары қоғамы (ODD) жасаған мәлімдемеге қарағанда Түркия автокөлік және жеңіл сауда көлігі жалпы нарығында 2015 жылдың алғашқы төрт айында алдынғы жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 264 мың 850 дана көлік сатылды. Осымен 2011 жылғы рекорд жаңартылды.

Сабах газеті «Contemporary көрмесіне үлкен қызығушылық» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда замандас өнер туындыларын өнерсүйер қауымға ұсынатын «Contemporary Стамбұл көрмесі» Стамбұл көрме орталығы Лүтфи Кырдар және көрме сарайында ұйымдастырылуда. Кеше арнайы шақырылған қонақтарға ұсынылған көрмені шетелдік және жергілікті 10 мыңнан астам танымал өнерсүйерлер аралады.



Ұқсас жаңалықтар