Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

566159
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті хабарын «Маңызды диалог» атты тақырыбымен берді. Газеттің хабары бойынша Президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ Президент Барак Обаманың Қытайдағы кездесуінде Түркияның басшылығында Сирияның солтүстігінің лаңкестік топтардан тазалануы үшін бастаған Евфрат қалқаны операциясы күн тәртіпке келді. Хабарда Мүнбичтегі PYD мүшелері шегінді, тек Сирия демократиялық күштер атты араб топтары ғана қалды деген Обамаға Ердоғанның «Террор ұйымы PYD шегінгеніне қарағанда Еркін Сирия армиясы жасақтары Мүнбичке соғыспай-ақ кіреді ғой» деп жауап бергеніне орын берген. Газет Ердоғанның Обамаға «Түркия одақтасы АҚШ-тан YPG/PYD-нің Евфрат өзенінің шығысына өтуі жөнінде табанды тұғыр көрсетуін күтуде. YPG/PYD террор ұйымы ПКК-мен бірге. Әкімшілігіңіз YPG/PYD-мен қарым-қатынасты түбегейлі үзу керек» дегенін жазған.

Йениі Шафак газетінің «Бейжің мен Лондон тез арада кездеседі» атты хабарында Түркияның Бейжіңнен Лондонға дейін тез қарқынды жүрдек пойыз коридоры үшін қол қойғанын жариялаған. Газеттің хабары бойынша осы мақсатпен Ашхабад хаттамасына қол қойған Қатынас министрі Ахмет Арслан Мармарай және Явуз Сұлтан Селим көпірінің Темір жібек жолы сынды халықаралық нысананың маңызды бір бөлшегі екенін айтты. Бейжіңнен Лондонға қатынас коридорын жасау үшін қол қойғандар ішінде Түрікменстан авто тасымалдау министрі Мақсат Айдогдуйев пен Әзірбайжан Қатынас министр орынбасары Ариф Әскеров та бар. Түркия Түрікменстан мен Әзірбайжан жаһандық тұрғыда шығыс-батыс және солтүстік-оңтүстік бағытта қатынас коридорының құрылуы үшін стратегиялық маңызға ие.       

Стар газеті «Қасиетті жерлерде әрі қайғы, әрі қуаныш» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілдедегі төңкеріс әрекеті барысында шәйіттердің туыстары қажы ғибадаты үшін қасиетті жерге жетті. Дін істер басқармасы лауазымы тарапынан Азизие аймағында күл және зәмзәм суын беріп қарсы алынған шәйіт туыстары қонақ үйлерге орналасты. Журналисттерге сезімдерін айтқан қажы үміткерлері әрі қайғылы, әрі қуанышты екенін білдірді.

 Сабах газеті хабарын «Голливуд жұлдыздарынан Ұлттық жігер мұқабасы» атты тақырыбымен берді. Газеттің хабары бойынша Голливудтың екі әйгілісі Джесика Алда мен Джейсьн Стейтьм Түрік әуе жолдарының әр ай шығатын журналы Skylife-нің тамыз айындағы «Ұлттық жігерінің жеңісі» мұқабасымен қыркүйек санына суретке түсті.

 Хабар Түрік газетінің «Османлы офицері фильмі қойылуға аз уақыт қалды» деген хабарында Бірінші Дүниежүзілік соғысы барысында Шығыс Анадолыдағы жағдайды  бір америкалық медбикенің өмірімен түсіндірген «Османлы офицері» фильмінің аяқталғанын мәлімдеген.

 



Ұқсас жаңалықтар