Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

564010
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті хабарды «Дос пен дұшпанның кім екенін аңғардық» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабары бойынша Президент Режеп Тайып Ердоған заң жүйесі жиналысында Фетуллахшы террор ұйымы паралельді мемлекет жүйесінің 15 шілді күні төңкеріс әрекеті барысында және одан кейін дос пен дұшпанды, әсіресе орай күткендерді аңғарғанын айтты. Хабарда Президент Ердоғанның «15 шілде түні дастан жазған ұлтымыз асыл бір ұлт. Заңдық жүйені атқарамыз» дегеніне орын берген.

 Ватан газеті «Еуропа Парламенті жағдайды кеш аңғарды» атты тақырып қолданған. Газет Еуропа Парламенті төрағасы Мартин Шульцтің төңкеріс әрекеті өткеннен 45 күнінен кейін Түркияға келгенін және оның Еуропа Одағының тұғыры үшін кешірім сұрағанын хабарлаған. Хабарда Еуропа Парламенті төрағасы Мартин Шульцтің премьер-министр Бинали Йылдырыммен бірге ұйымдастырған баспасөз мәслихатында «Өте аяусыз бір террор әрекетімен бетпе-бет қалған бір елден сөз қозғаудамыз. 15 шілде күні түнде барша бір елге жасаған шабуылды көрдік. Сайланған Президенттің үндеуіне халық құлақ асты. 15 шілде күнінен кейін Еуропа Одағы жеткілікті қолдау көрсетпегені жөніндегі сындарды тыңдадым. Шындығында қатал наразылық көрсете алмадық. Осы сапарда білмеген тақырыптарды аңғардым» дегенін жариялаған.

Хүрриет газеті хабарды «Экспортта демалыс жоқ» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабарына қарағанда экспортта тамыз айында 6,9 пайыз өрледі және 11,1 миллиард долларға жетті. Артудың ең маңызды үлесі болса 1,6 миллиард долларлық экспортқа таңбасын басқан автокөлік болды. Кейбір фабрикалар тамыз айында оңалту үшін демалыс жасаса да автокөлік секторы демалмады және 23,7 пайыздық арту деңгейіне жетті. Автокөлік секторының экспорты 1 миллиард 680 миллион доллар болды. Дайын киім секторы 1 миллиард 612 миллион доллар, химия секторы 1 миллиард 207 миллион доллармен автокөліктен кейін орын алды.

Сабах газетінің «Мәдениет және Анадолы туризміне шоғырланады» атты хабарында альтернатив нарықтарға ашылуды және өнімнің түрлілігін арттыруды нысаналаған Мәдениет және туризм министрлігінің таныстыру жұмыстарында мәдени шараларға ұмтылатынын жазған.

Стар газеті «Түрік әуе жолдары Румыниядағы үш түйін рейстерін бастады» деген тақырып қолданған. Газет Түрік әуе жолдарының Румынияда Бухарест және Констанцадан кейін үшін және жалпы жиыны 291 түйінге рейстерін жүзеге асырғанын жеткізген.

       

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар