Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

537819
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Осылай жалғасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Фетуллахшы террор ұйымы параллелді мемлекеттік құрылымы FETÖ/PDY-нің 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасының артынан кеше премьер-министр Бинали Йылдырым, Республикашыл халық партиясы төрағасы Кемал Кылычтароғлу  және Ұлтшыл қозғалыс партиясы төрағасы Девлет Бахчелидің тұңғыш рет сарайға барған тарихи саммит Ердоған басшылығында 3 партия басшысының басын алғаш рет қосты. 2 сағат 40 минутқа жалғасқан саммиттен ‘ортақ мәселелерге қарсы саяси диалог механизмін ықпалды қолдану’ шешімі қабылданды.

Хабертүрік газеті Сыртқы істер министрі Чавушоғлуның «Гүленнің қашуы мүмкін» деген сөздерін тақырып қылған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасының артынан жаңалықтарды Хабертүрік телеарнасында тікелей эфирде бағалады. Төңкеріс бастамасының арқасында Фетуллахшы террор ұйымы параллелді мемлекеттік құрылымы FETÖ/PDY-нің бар екенінің даусыз білгендерін атап көрсеткен сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу FETÖ/PDY-нің басшысы Фетуллах Гүленнің қашу әрекетіне қарсы АҚШ-тық лауазымдыларға ескерту жасағанын атап көрсетті.

Сабах газеті «Түркия 7 жастан 70 жасқа демократия шеруінде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда демократия шерулері 10-шы күнінде үлкен шабытпен жалғасуда. Шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке жүз мыңдаған азамат алаңдарда демократия шерулеріне қатысуда. Алаңдардағы демократия шеруінде шабыт үздіксіз жалғасуда. 100 жасар әжеден, анасының құшағындағы нәрестеге дейін, Түркиядағы шетелдіктерден министрлерге дейін жүз мыңдаған адам алаңдарды толтыруда.

Стар газеті «Түрік қарулы күштерінің тазалануы Түркияны күшейтеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын ‘New York Times’ газетінде «Төңкерістің басшысы жауапқа тартылу керек» тақырыпты мақала жариялады. Калын мақаласында Түрік қарулы күштеріндегі сатқындардың тазалануының Түркияны одан да күшейтетінін атап көрсетті.

Ватан газеті «Биржа Стамбұл (BİST) ең көп табыс әкелген биржа аталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Аптаның алғашқы күні биржа құндылықтары үздіксіз артуда, доллар болса арзандады. Биржадағы түсім 3 пайыздан асса, 1 АҚШ доллары 3.02 лираға дейін арзандады. BIST100 индексі осылайша халықаралық акциялар көрсеткіштері арасында бағасы ең көп қымбаттаған индекс болды. BIST 100 индексі 3,4 пайыз артып, 74.174 балмен жабылды. Премьер-министр Бинали Йылдырымның үкіметтің экономикалық өсуіне қолдау беру үшін ондаған миллиард долларлық бір фонд құрылатыны жайлы мәлімдемесі Түркиядағы құндылықтардың бағасында өсуге себеп болды.



Ұқсас жаңалықтар