Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркиядағы төңкеріс әрекетімен байланысты жаңалықтарға кең орын берген.

531752
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Алаңдарды тастамаңдар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда

Президент Режеп Тайып Ердоған 15 шілде күні кешкі уақытта жүзеге асыруға тырысқан төңкеріс әрекеті кезінде қаза тапқан президенттің кеңесшілерінің бірі Мұстафа Варактың ағасы профессор доктор Илхан Варак және жүрек қысымынан қаза тапқан бұрынғы депутат профессор доктор Невзат Ялчынташтың жаназа рәсіміне қатысты. Ердоған жаназа намазының артынан жасаған мәлімдемеде «Фетуллахшы террор ұйымы басқан қадамға ұлт қарсылық берді. Ең мықты жауапты менің құтты ұлтым қайтарды» деді. «Мұны тастауға болмайды» деген президент халықтың алаңдардан шегінбеуін талап етті.

Йени шафак газеті «Демократия шеруі» Түркияның 81 қаласында азаматтар Фетуллахшы террор ұйымы / Параллелді мемлекет құрылымы (FETÖ/PYD) мүшесі бір топ әскер тарапынан жасалған төңкеріс әрекетіне қарсы «демократияны күзету» шеруі жалғасуда. Президент Ердоғанның «алаңдарға жиналыңдар» шақыруына бағынған азаматтар алаңдарда таң аттырды.

Ватан газеті «Жылдамдықпен тазалау операциялары жүргізіледі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Бинали Йылдырым 15 шілде күні кешкі уақытта әскери төңкеріс әрекетінде нысанаға алынған ТРТ бас ғимаратына барды. Премьер-министр Йылдырым және вице-премьер Нуман Куртулмуш ТРТ қызметкерлеріне жақсы тілек білдіріп, төңкерісшілер басып алған ТРТ студиясын аралады. Зияраттың артынан мәлімдеме жасаған Йылдырым әскери төңкеріс жасауға тырысқан көтерлісшілердің жеңілгенін атап, «Дегенмен жұмыстарымыз аяқталған жоқ. Бұдан кейін жылдамдықпен тазалау операцияларын жалғастырамыз» деді.

Стар газеті «Сатқындар жауапқа тартылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда төңкеріс әрекетімен байланысты мәлімдеме жасаған Бас Штаб Басқармасы сатқындардың алдын алғандарын атап төңкеріс әрекетінің алдын алуда түрік ұлтының үлкен ролі бар екенін білдірді.  Мәлімдемеде заңсыз құрылымға мүше төңкерісшілердің заң жүйесі аясында тиісті түрде жазаланатыны атап көрсетілді.

Сабах газеті «Бұл ән Түркияның бүкіл құрбандарына» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда төңкеріс бастамасына халықаралық аренада әншілерде үнсіз қалмады. АҚШ-тың танымал әншісі Beyonce Амстердамдағы концертінде «Halo» атты әнімен бастамастың алдында «Бұл әнімді Түркияда қаза тапқан баршаға арнаймын» деді және барша қол шапалақпен қолдады. Beyonce концертін тамашалауға келгендер арасында Галатасарайдың голландиялық жұлдызы  «Wesley Sneijder» дің жұбайы «Yolanthe Cabau» да бар болатын. Cabau әлеуметтік медиа арқылы Түркиядағы құрбандарға арналған бір ән. Рахмет Beyonce» деген мәлімдеме жасады.



Ұқсас жаңалықтар