Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

529134
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Батыс террор ұйымы жасаған қырғын фотосуреттерін көрмеге салды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жазықсыз адамдарды қырған ПКК-лық террористтердің үгіт-насихаттарын жүргізуден бас тартпаған екіжүзді Еуроодаққа наразылықтар артуда. «Менің террористім» деген Еуропа парламенті бұл ұстанымымен қария, бала, жас демей Түркияда жазықсыз адамдардың қанын төккен ПКК террор ұйымына берген қолдауын ресми түрде ортаға қойды. Еуропаның бұл ұстанымы жүздеген жазықсыз адамды қырған террор ұйымының Анкара Гүвенпарк, Мерасим көшесі және Стамбұлдағы Везнеджилер шабуылдары сияқты жүздеген жазықсыз адам қаза тапқан топтық қырғындарына ие шыққанын көрсетті.

Йени шафак газеті «Ұшақпен жолаушы саны 6 айдың ішінде 80 миллионнан асты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әуе жолы жолаушы саны маусым айында 14,7 миллионға ұласты. Жылдың алғашқы алты айында әуе жолымен саяхаттайтындар саны 80,6 миллионнан асты. Маусым айында ұшып қонған ұшақ саны ішкі бағытта 79 мың 451, шетел бағытында 50 мың 144 ретінде жүзеге асты. Бұл кезеңде 32 мың 995 болып жүзеге асқан жоғарғы өту (overflight) қатынасымен барлығы 162 мың 590 ұшаққа қызмет берілді.

Ватан газеті «Қытайдың ZTE фирмасының ұялы телефондарын Түркияның Атмажа фирмасы өндіреді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Sunny маркасымен ТВ-ден ұялы телефондарға дейін көптеген өнімде әлем алпауыттарына бәсекелес болған «Атмажа электроника» атты фирма Қытайдың ZTE фирмасы үшін ұялы телефон өндіретін болды. Биылдың алғашқы ширегінде 3.4 миллиард доллар табыс түсірген ZTE; AXON және Blade сериалдарымен телефон нарығында атсалысады. Атмажа әлемнің ең үлкен ақылды телефон өндірушілерінің бірі ретінде ZTE фирмасының кейбір моделдерін Стамбұлдағы зауытында өндіреді. Екі фирманың лауазымдылары 18 шілде күні өтетін ынтымақтастық жиналысының егжей-тегжейін жариялайды.

Сабах газеті «Падишалардың өлеңдерін тыңдармандарға ұсынды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұл муниципалитеті ақын Османлы падишаларының өлеңдерін бір кітаппен жарыққа шығарды. «Сарай өлеңдері» атты кітапта 25 Османлы падишасының өлеңдері орын алды. Марқұм тарихшы Вахид Чабук тарапынан жазылған кітапта сопылық өлеңдер, наным, аңыздар және махаббат тақырыптары қамтылады. Кітапқа қарағанда Османлы падишаларының кейбіреулері ағаш, кейбіреулері музыка немесе асыл тас шебері болса, кейбіреулері ақындық қабілеттерімен танымал.

Хабертүрік газеті «Стамбұлда балалар үшін джаз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 23-ші Стамбұл Джаз фестивалі биыл бала тыңдармандарды ұмытпады. Балалар 16 шілде күні өткізілетін концерттер мен ательелер арқылы әрі музыкадағы қабілеттерін арттырады, әрі көңіл көтеретін болады. Балалар көңіл көтергенде оларды үйретуге бейімдеген «Жеке Джаз және Charleston би үйірмесі» де фестивальде орын алады. Сол күні 12 жасар пианист Хакан Башар да шағын концерт береді.



Ұқсас жаңалықтар