Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

459676
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Іздеу салынған террористтердің ұясы Бельгия» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуропа парламенті мүшесі Озан Джейхун «Бельгиядан бастап, Германия, Франция және Голландия сияқты елдер ұзақ уақыттан бері Түркияда іздеу салынған террористтерге толы» деді. Бельгияның террор ұйымдары тақырыбындағы ұстанымының барлық Еуроодақ құндылықтарын аяқ астына алғанын атап айтқан Джейхун «Түрік іскері Өздемир Сабанджы қастандығының күдіктісі Фехрийе Эрдалға ұялмаса патшалық ордені тағатын болады. Еуроодақтың астанасы болумен мақтанған Брюссельдің террор ұясына айналуы Еуроодақ үшін ұялатын бір жағдай» деді.

Йени Шафак «ДАИШ-ке Исламды жаман көрсету міндеті жүктелді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда бұрынғы вице-премьерлердің бірі Эмруллах Ишлер Исламның террормен теңелуін қалағандарға назар аударды. ДАИШ-тің Сирия режимі мен қолдаушыларының туындысы екенін атап көрсеткен Ишлер «1970-ші жылдардан кейін батыс елдерінде Ислам жылдам тарай бастады, бейбітшілік діні ретінде қабылданатын. ДАИШ арқылы жасатқан террор оқиғаларымен Ислам террормен теңеле бастады. Ислам жағрапиясын хаосқа итермелеу қамтамасыз етілді. Әрі батыста Исламның кең тарауына кісен салынды» деді. Ишлер ДАИШ-тің батыстықтардың өзі үшін берген рольді өте жақсы ойнағанын атап айтты.

Сабах газеті «6 жылдың ішінде 6 миллион адамға жұмыс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан өсуін жалғастырған Түркия жұмыспен қамтамасыз етуде рекорд жаңартты және 6 жылда 6 миллион адамды жұмыспен қамдады. Өткен жылы 1 миллионға жуық адам жұмысқа орналасса, биылдың алғашқы көрсеткіштері қуантты. Түркия жұмыс мекемесі 3 айдың ішінде 230 мың адамды жұмысқа орналастырғанда жылдың аяғына дейін 1 миллион адамды жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлайды.

Хабертүрік газеті «Стамбұл табыс әкеледі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Катардың ең үлкен жылжымайтын мүлік фирмаларының бірі Мазая Катардың (Mazaya Qatar) бас директоры Хамад эл-Хэдфа жылжымайтын мүлік нарығы мүмкіншіліктерінің жалғасатынын болжады. Стамбұлдағы жылжымайтын мүлік бағаларының Еуропадағы көптеген метрополисті артта қалдырғанын атап көрсеткен Хэдфа «Стамбұлда инвестиция салғандардың ұтылуы мүмкін емес. Өйткені Стамбұл сияқты бір қала әлемнің ешбір жерінде жоқ» деді.

Ватан газеті «Шетелдіктер тұрғын үй үшін жарысады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда өсу және тұрақтылық шетел инвестицияларын елге тартуда. Түркияда тұрғын үй алғысы келген АҚШ-тықтар, арабтар, Қиыр Шығыстықтар, еуропалықтар бір-бірімен жарысуда. Глобал жылжымайтын құндылықтар қоғамы төрағасы Эрол Гөкер соңғы екі жылда Түркияға кіргісі келген топтар мен резервтердің көлемінің өзін де таң қалдырғанын атап айтты. Мамандар алдағы кезеңде Түркияға ауқымды бір капитал кірісі болатынын атап көрсетеді.



Ұқсас жаңалықтар