28.11.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

356322
28.11.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Акит газеті хабарын «Президент Путинге ескерту жасап, отпен ойнама деді» атты тақырыбымен берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның Сирияда террор ұйымы ДАИШ-ті сылтау етіп байсалды оппозиционерлерді атқылағандардың отпен ойнағанын білдіріп, «Ресейге отпен ойнамауларын насихат етемін» дегеніне орын берген. Газеттің хабары бойынша Ердоған «Түркияның хақты болғанын барша әлем тарапынан қабылдады. Ресей түрік кеңістігін бұзғанын мойындағысы келмеуде. Бізге аузына келгенін айтуда. Жәрмеңкеге қатысқан азаматтарымызға жәбір көрсетуде. Бұл отпен ойнаумен тең. Ресейге шын ниеттен отпен ойнамауларын насихаттаймын» деген сөздер қолданды.


Хабартүрік газетінің «Дипломатиялық жолдармен дағдарысты шешеміз» атты хабарында Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан кейін алғашқы зияратын кеше Әзірбайжанға жасағанын жазған. Хабарда Әзірбайжан Мәжіліс төрағасы Октай Еседовпен өткізген кездесуінде Түркия-Ресей қарым-қатынастарына тоқталған Чавушоғлұның «Біз халықаралық құқығымызды қолдандық. Әуе кеңістігімізді бұзған белгісіз ұшақ ескертулерімізге жауап бермеді. Орыс ұшағы болғаны да белгілі емес. Біз дағдарыс жағында емеспіз. Бұл мәселелер дипломатиялық жолдармен шешіледі. Бірдей түсінікті досымыз Ресейден де күтудеміз» дегенін жеткізген.


Ватан газеті «Инфляция жорамалы 0,45 пайыз» деген тақырып қолданған. Газет Анадолы агенттігі қаржының Түркия статистика мекемесі тарапынан 3 желтоқсан сәрсенбі күні жарияланатын инфляция көрсеткіштеріне байланысты жорамал сауалнаманың 16 экономисттің қатысуымен аяқталғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда экономисттердің қараша айы инфляция жорамалының 0,45 пайыз екенін жеткізген.


Йени Шафак газеті хабарын «Дипломаттар түрік тілін үйренеді» атты тақырыбымен берген. Газет Түркия билігі жағындағы Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы (YTB)-ның 26 елдің ғалым, мемлекеттік қызметкер, инженер, журналист және дипломатына түрік тілін үйрететінін жариялаған.


Хүрриет газетінің «Террорға қарсы қауіпсіздік күштері жаттығу жасады» деген хабарында Жағажай қауіпсіздік басқармасының Мәрмәр Теңізінде қауіпсіздік күштенінің жаттығу жасағанын білдірген.


Сабах газеті «Террорға ең керемет жауап-өмірге деген сүйіспеншілік» атты тақырып қолданған. Газет тарихтың ең аянышты қанды террор оқиғасына душар болған Францияның Париждегі шабуылдарда қаза тапқан 130 құрбан үшін кеше бір еске алу рәсімін ұйымдастырғанын жазған.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар