19.11.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер бүгінгі маңызды хабарларға орын берген.

367242
19.11.2015 күнгі түрік баспасөзі

Ватан газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Хабарға қарағанда, президент Режеп Тайып Ердоған теле арнада тікелей эфирде президенттік жүйе туралы «Жаңа атазаң мен президенттік жүйе егер мәжілісте қабылданса, ұлтымыз референдумда бұны мақұлдайды. Референдумға барса да мен халқыма сенемін» деді.
Президенттік жүйенің жеке мәселесі еместігін атап көрсеткен Ердоған «Мен президенттік жүйені күн тәртібіне әкелемін. Ұлтымыз талқыласын, ғалымдар талқыласын. Тартынбаңдар. Бұл – ұлттың мәселесі. Ұлтымыз не айтса, сол болады» деді.
Йени Акит газеті «Әділет және даму партиясының атын берген адам төрағалыққа кандидат» деген тақырып қолданған. Әділет және даму партиясы Исмаил Каһраманды мәжіліс төрағалығына кандидат ретін көрсетті. Каһраман президент Ердоған да кандидат болған партиясының Стамбул 1-ші аймағынан депутат ретінде сайланды.
Йени Шафак газеті «Әлемдік банкке ислами қаржы тапсырмасы» деген хабарға орын берген. Халықаралық қаржы орталарының назары ислами қаржыда. Әлемде 2 триллион долларға жетіп қалған пайызсыз ақша көзі дағдарыстан кейін ІМҒ және Әлемдік банк күн тәртібіне кірді. Анталияда 20 тобы саммитінде ІМҒ төрайымы Кристина Лагардтың Ислами қаржыны қолдануға болатынын айтуынан кейін Әлемдік банк басшысы да осы тақырыпты тексере бастағандарын білдірді.
Хабертүрік газеті «Сирияда үміт» деген хабарға орын берген. Сирияда 1 қаңтарда басталуы жоспарланған уақытша үдеріс үшін жасалуы керек бітімнің желтоқсан айында жүзеге асуы мүмкін екені айтылған. Осы аяда Сирия үкіметі мен оппозициясының 1 қаңтар күнінен бұрын бір рет БҰҰ қамқорлығында бас қосуы жоспарлануда.
Сабах газеті «Иранға техникалық қолдау» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда, Түрік әуе жолдарының ұшақ күтім қызметі ТӘЖ Техника ирандықтармен бірігіп орталық құру үшін іске кірісті. Ұшақ флотының жасы үлкен Иран нарығына кіру үшін неміс авиакомпаниясының да кездесу бастағаны білдірілді.
Хүрриет газеті «Қонақүйлерде жиналыс маусымы ашылды» деген хабарға орын берген. Туризмде жаз маусымы аяқталғаннан кейін көптеген қонақүй конференциялар, жиналыстар ұйымдастыру үшін жарыса бастады. Туризмде «өлі маусым» деп аталатын қысқы уақытта осындай жиналыстардың қонақүйлерге үлкен үлес екеніне назар аударған сектор өкілдері шетелден келетін ұсыныстардың да артуы керектігін баса айтты.
Стар газеті Рабиа ишараты жөнінде хабар жариялаған. Мысырда түсірген суреттерімен Рабиа алаңын әлемге таныстырған Мұхаммед Елшами «Рабиа ишараты тек Мысырға тән ишарат емес. Мұны Ердоғанның қолдануы біз үшін өте маңызды болатын. Ердоғаннан кейін Рабиа ишараты ғаламдық деңгейге жетті» деді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар