Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер маңызды хабарларға орын берген.

418495
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Лаңкестікті ұйымдастырған адамды Түркия жолдады, Бельгия еркін жіберді» деген тақырыппен хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік органдарының Францияның бас қаласы Париждегі лаңкестіктерді ұйымдастырған террористтерге байланысты батыстық барлау қызметтеріне өте маңызды мәліметтер бергені ортаға шықты. парижді қанға бояған ДАИШ лаңкестіктерінен кейін табылмай жатқан сегізінші кісі Салих Абдеселамның ДАИШ-қа қосылу үшін Түркия арқылы Сирияға бара жатқан жерінен ұсталып, Бельгияға қайта тапсырылғаны анықталды. Абдеселам Бельгияда тергелгеннен кейін «қауіпті» деп есептелмей, босатылды. Париж лаңкестіктерінің ұйымдастырушысы екені анықталған Бельгия азаматы Абдулхамит Абаюдтың да шабуылға дайындалып жатқаны туралы мағлұматтың Анкарадан хабарланғаны айтылды.
Йени Акит газеті «Батыста мұсылмандарға шабуылдар артты» деген тақырып қолданған. Париждегі лаңкестіктерден кейін мұсылмандар террорға лағынет оқыса да, нәсілшілдер мұсылмандар мен мешіттерге шабуылдай бастады. Канаданың Торонто қаласында бір мешіт өртелді. Мұсылман бір әйелге екі адам шабуылдады. Францияда бір түрік азаматы жараланды. Лилле қаласында мұсылман азаматтардың үйлеріне белгі салып кетті. Ислам мен босқындарға қарсылар Германияның Дрезден қаласында көшеге шықты.
Сабах газеті «Әлем басшылары энергия саммитінде» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, энергия дәліздерінің орталығындағы Түркия халықаралық энергия саммитіне мекен болуда. Атлант кеңесі Стамбулда ұйымдастырған Энергия және экономика саммиті бүгін басталды. Екі күндік саммитте Еуропаның энергия қауіпсіздігі, Ауғанстанның болашағы, климат өзгерісі, Иран, Африканың маңызы, энергия жүйелерінің өзгеруі, Түркияның ролі сынды тақырыптар қаралады.
Стар газеті «Түркия жоғары баға алды» деген хабар жариялаған. Үлкен жиырмалық саммитінде әлемнің ең мықты басшыларын қонақ қылған Түркия маңызды табысқа қол жеткізді. Ұйымдастыруға мақтау жаудырған басшылар Анталияға қайран болды. АҚШ президенті Барак Обама гольф ойнау үшін Анталияға қайтып келуді жоспарлады. Саммит барысында әлеуметтік желіде бір миллионнан астам твид жазылды. Басшылар организацияның кәсіптік үдерісі мен қонақжайлыққа дән риза болды.
Хабертүрік газеті «Түркиядағы автомобиль саудасы Еуропадан асып түсті» деген тақырыпқа орын берген. Еуропа Одағы мен Еуропа еркін сауда одағы елдерінде автомобиль нарығы биылғы жылдың қаңтар-қазан айлары арасында 8,2 пайыз өсіп, 11 миллион 926 мың 134-ке жетті. Аталмыш кезеңде 31,4 пайызбен 548 мың 582-ге жеткен Түркиядағы автомобиль саудасы осы көрсеткішпен Еуропа елдері арасында алтыншы орынды иеленді.



Ұқсас жаңалықтар