Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

415699
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті террор ұйымдары жөніндегі бір хабарға орын берген. 7 маусым сайлауынан кейін лаңкестіктерін бір мезетте бастаған PYD және PKK мен ДАИШ арасындағы қатынасты іздеген барлау қызметтері іздеген іздерін Сирияның бас қаласы Дамаскіде тапты. Асад әкімшілігінің мамыр айында ұйымдардың басшыларымен 4 күн бір қонақүйде жиналыс өткізгенін анықтады. Асад әкімшілігі Түркияның ішкі динамикаларына бомбалы шабуылдарымен бағыт бергісі келді. Осы саясатқа энергия желілері үшін қолдау берген Ресей болса әрі Асадты, әрі PYD-ні Мәскеуде қонақ қылды.
Стар газеті «Автономдықты ұмытыңдар» деген хабар жариялаған. Бұдан бұрын YPG-ге қару бермейтінін жариялаған АҚШ бұл жолы PYD-ге аймақта автономдық алуға тырыспауларын айтып ескерту жасады. АҚШ әкімшілігі “бұдан бұрын да ескерттік» деді. АҚШ Сыртқы істер министрлігі Марк Тонердің мәлімдемесінде Сирияның солтүстігінде автономдық құрылымға рұқсат берілмейтіні айтылды. Тонер «PYD-ге қолдау жөнінде әрқашан нақты ұстанымда болдық. Алайда олардың жартылай автономдық аймақ құруын қаламайтынымызды бірнеше мәрте айттық. Сирияның бірлігі мен тұтастығына деген ұстаным жалғасады» деді.
Хүрриет газеті 20 тобы саммитіне орын берген. Газеттің хабарына қарағанда, Анталияда 15-16 қараша күндерінде әлемнің басшылары қатысатын 20 тобы саммиті үшін төтенше шаралар қабылданды. Іздеудегілер тізімінде орын алған ДАИШ террористтерінің тізімі қауіпсіздік мекемелеріне жіберілді. Саммитте 12 мың полиция қызметкері міндет атқарады. Анталия қаласына тиісті көлік нөмірі жоқ көліктер бақылауға алынады. Ұшақ, автобус пен пойыздарда полиция қызметкерлері қызмет атқарады.
Хабертүрік газеті Еуроодақтың ілгерілеу рапортына орын берген. ЕО министрі Берил Дедеоғлу «Түркия Ілгерілеуі рапорты» қарсаңында одақтың дипломаттарының өзіне «Сириялық босқындардың Түркияда қалуының қамдалуына жауап ретінде «жұмсақ» рапорт» ұсынғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар