Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

413955
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Жұмыс уақыты басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 1 қараша сайлауының жеңімпазы Әділет және даму партиясын тығыз бір жұмыс мерзімі күтеді. Үкімет бағдарламасы және күн тізбелік жоспармен байланысты тығыз жұмыстанып жатқанда, жаңа кезең қолға алынатын ең ауқымды партия жиналысы 9-11 желтоқсан күндері арасында Афионкарахисарда ұйымдастырылады. Давутоғлу басшылығындағы Әділет және даму партиясы орталық шешім қабылдау және атқару кеңесі де ертең жиналады. Жаңа кезеңнің бағыты қолға алынатын жиналыста премьер-министр партия мүшелеріне жоспарларын жеткізеді. Жаңа атазаңы, экономикалық жаңалықтар, Сирия дағдарысы және Әділет және даму партиясының уәделері де жиналыстың күн тәртібіндегі басқа мәселелер. Премьер-министр Давутоғлу үкімет құрылған соң тұңғыш шетел сапарын қайтадан бауырлас СМолтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР), Әзірбайжан және Иракқа ұйымдастырады.
Йени Акит «Шетелдіктер жылжымайтын мүлік сатып алуда жарысады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 8 қараша күні аяқталатын «CNR жылжымайтын мүлік 2015 Тұрғын үй, кәсіпорын сатып алу және жалға алуды қаржыландыру көрмесі» шетелдіктердің қатты назарын аударды. Шетелдік инвесторлар көрмеде көптеген жоба сатып алды. Әсіресе жасыл табиғат пен теңізді таңдаған араб инвесторлар Қаратеңіз аймағында жылжымайтын мүлік жобаларына қатты назар аударады.
Сабах газеті «3-ші көпір кореялықтарды Стамбұлға тартты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда екі құрлықтың тоғысуына 439 метр қалды. Келесі жылы аяқталатын Азияны Еуропаға байланыстыратын 3-ші көпірдің құрылысында 400 кореялық қызмет етеді. Әлемнің ең ауқымды аспалы көпірінде жұмыс істеген кореялықтар мен түрік қызметкерлер арасындағы ынтымақтастық болса достыққа айналған. Кореялықтардың Түркияға қайрандығын тілге тиек еткен инженер «Teddy Hwang» өзі сияқты көптеген кореялықтың Түркияға қоныс аударуды қалағанын жеткізген.
Ватан газеті «Отандық жүк көлігімен Сафариге шықты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Ford Otosan» 90 пайыз отандық «Ford Trucks» атты жүк көлігімен Африка нарығына кірді. 5 жылдың ішінде 50 мемлекетке қол жеткізуді жоспарлаған фирма өндірген көліктің үштен бір бөлігін әлем нарықтарына жібереді. Осылайша жылына экспорт 10 мың данаға ұласады. Отандық өндіруші Ford Trucks маркасымен Мароккоға барып, Солтүстік Африка және Сахараның астындағы жүрегі ретінде белгілі нарықтарға кірді. Шетелде 22-ші «Ford Trucks 4S» жайы «Ford Motor Company»-дің 108 жылдық партнері SCAMA фирмасының ынтымақтастығымен Касабланкада ашылды.
Хүррийет газеті «Анкара италияндық фильмдерге қонақ жайлық жасауда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анкара 6-шы италиян фильмдері фестиваліне қонақжайлық жасауда. Бүгін басталатын фестиваль аясында 8 фильм 15 қараша күніне дейін тегін кино сүйер қауымға ұсынылады. Фестивальмен италиян мәдениетін одан жақсы таныту және мәдени ынтымақтастықты қамтамасыз ету нысанаға алынады. Италиян фильмінің соңғы шығармалары орын алатын фильм апталығында алдымен Edoardo Winspeare режиссерлік жасаған «Тәңірдің мейірімділігі» атты фильм көрсетіледі. Драма және комедия түріндегі «Бақыт орындығы», «Алланың әр күні», «Сыбызғының соңғы тесігі», «Адам факторы», «Қайырлы таң әке», «Сенетін едік» және «Менен аулақ жүр» атты фильмдер де кино сүйер қауымға ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар