31.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

405936
31.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті хабарын «Тыныштық дауысқа салынады» деген тақырыбымен берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның 1 қараша күнгі сайлаудың өте маңызды екенін білдіріп «1 қараша күні сонымен қатар тыныштықты дауысқа салады. Еген тыныштық қалайтын болсаңыз, қауіпсіздік қалайтын болсаңыз онда дауысыңызды кімге беретініңізді жақсы ойлауларыңыз керек» дегеніне орын берген.


Хүрриет газеті «Келісе алмады» деген тақырып қолданған. Хабарда Сирияда ішкі соғысты доғару үшін Венада кеше АҚШ, Ресей, Түркия, Сауд Арабиясы және Иранның да орын алған 17 елдің сыртқы істер министрлерінің бас қосқанын, жиналыста атысты тоқтату үшін атсалысқанын жеткізген. Газет дағдарысты шешу жөнінде Сирия лидері Асадтың болашағы жөнінде тағы да келісімге бара алмағанын жазған. Хабарға қарағанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы, Ресей және Иранның Асадтың болашағы жөнінде көзқарас келіспеушілігінің жалғасқанын айтты. Түркия Сыртқы істер министрі Феридун Синирлиоғлұ болса «Асадпен бейбітшілік мүмкін емес» деді. Жиналыстан кейін мемлекеттер екі апта ішінде қайтадан бас қосу жөнінде келісті. Газет Венада Сирия дағдарысына шешім ізделген кезде кеше Дамаскінің шығысында Дума ауданында Асад режимі күштерінің елді мекендерге ұйымдастырған зымыран шабуылында 47 адамның қаза тапқанын, 100 адамның жарақат алғанын хабарлады.


Сабах газеті хабарын «Сыртқы сауда кемдігі 5,5» атты тақырыбымен берген. Газет сыртқы сауда кемдігі, мұнай бағасындағы арзандау процесі арқасында қыркүйек айында өткен жылғы бірдей маусыммен салыстырғанда 46,6 пайыз деңгейінде азайып, 3,7 миллиард доллармен 2010 жылының ақпан айынан бастап осы таңға дейінгі ең төменгі бағаға түскенін жазған.


Стар газеті «Apple-ге түрік таңбасы» деген тақырып қолданған. Газет Анталия және Лондонда дизайн жұмыстарымен шұғылданған, Голливуд фильмдерінің жарнама жобаларында оран алған Гөкшан Өзманның Apple-дің тұңғыш жеке киюге болатын өнімі Apple Watch үшін дизайн жасағанын жеткізген. Газеттің хабары бойынша 34 жасындағы Өзманның Голливуд фильмдегі көптеген әлемге әйгілі өнімдердің таныстыру жобаларында орын алды.


Ватан газетінің «Жұлдыз жауынгерлері көшеге кірді» атты хабарында Жұлдыз жауынгерлері фильмінің жан күйерлерінің сериалы болған соңғы фильмі «Star wars 7: күш оянуда»-ның қойылуынан бұрын Мадридте ашылған көрмеде бас қосқанын білдірген.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар