27.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

401987
27.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті хабарын «Шешім дегендері теңізде бір тамшы» атты тақырыбымен берген. Газет қыстың келуімен бірге бір үмітпен Еуропа қақпаларына жақындаған босқындар трагедиялары артқан кезде Еуропа Одағы және Балкан елдерінің жартысы Грекияда болып жиыны 100 мың адамдық жаңа лагерлер құрылуы жөнінде келіскенін жазған. Хабарда тек 10 айда 700 мыңға тарта келімсектер кірген Еуропада осы таңға дейін 86 адамныңын орналастырылуына рұқсат берілгенін хабарлаған.


Сабах газеті «Нетаньяху палестиналықтарды Шығыс Иерусалимнен қуғысы келуде» деген тақырып қолданған. Газет өткен апта Бірінші Дүниежүзілік соғысындағы еврей қырғынының жауапкершілігін Палестинаға жүктеуге тырысып, барша әлемнің наразылығына душар болған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуның енді Шығыс Иерусалимнің кейбір аудандарында өмір сүрген 80 мың палестиналықты қаладан қууды ойлағанының жарыққа шыққанын жеткізген. Израиль баспасөзінің хабарына қарағанда Нетаньяху осы көзқарасты кабинет жиналысына әкелді.


Хабартүрік газеті хабарын «Қытайдың ақшасы Юан İMF-тің резерв ақшасы болуға дайындалуда» атты тақырыбымен берген. Газет аттыры жарияланбаған үш қайнар көздер бойынша İMF Қытай лауазымдарына İMF-тің есеп шоты болған арнайы ақша алу құқықтарының қазіргі жағдайға қарағанда Юан-ның да орын алатынын білдірген. Хабарда қайнар көздерден екеуінің Қытайдың осы құқықты алуына қатты сенгенін және сондықтан да шешімді құттықтаған бір мәлімдеме жасауға дайындала бастағанына орын берілген.


Стар газетінің «Сенім индексі қазан айында артты» деген хабарында Түркия статистика ұйымының қазан 2015 тұтынушы сенім индексін жариялағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда осы бойынша қыркүйек айында 97,54 болған қызмет секторы сенім индексі 0,1 пайыз артып, қазан айында 97,63 құнға жетті.


Хүрриет газеті «Косово мен Македония 5 шақырым жақындады» атты тақырып қолданған. Газет Түркияның алдыңғы қатардағы мердігерлік фирмасы ENKA мен ортағы Bechtel-дің салған Косовоның астанасы Приштина мен көрші Македонияны бір-біріне жалғайтын 65 шақырымдық жаңа жолдың алғашқы 5 шақырымының жұмысқа қосылғанын жеткізген. Хабарға қарағанда жобаның 2016 жылының алғашқы айларында тамамдалуы күтілуде.


Йени Акит газеті хабарын «Мәулананың Белх ауданындағы үйі жаңаланады» атты тақырып қолданған. Газет Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі Ауғанстанның солтүстігіндегі Белх ауданында орын алған Мәулана Желаледдиннің дүниеге келген үйінің жаңалануы үшін алғашқы қадамның басылғанын хабарлаған.


Ватан газеті хабарын «Әйел Анталияда, ерлер Анкарада ұзақ өмір сүруде» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабары бойынша ұзақ өмір сүрген әйелдер Анталияда, ерлердің болса Анкарада.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар