26.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

400333
26.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Ватан газеті «Міне тұңғыш отандық соғыс ұшағы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда отандық автокөліктің артынан отандық соғыс ұшағының да концепциясы белгілі болды. Екі жыл бұрын үш бөлек концепция үстінде жұмыстарын жалғастырған TAI және Әуе күштері қолбасшылығы ақыры екі моторлы ұшақ таңдалды. FX-1-дің өндіріс кезеңі 2015 жылынан бастайды. TAІ-дің Ұлттық соғыс ұшағының тұңғыш сынағы және жобаның кейінгі сатыларын белгіленген брифингте FX-1 ұшағы үшін 2013-2023 жылдары арасы жүйе жетілдіру және таныту нысаналарының аяқталатыны білдірілді. Ұшақтың 2023 жылы тұңғыш рет Түркияның көк аспанында ұшуы жоспарланады.
Стар газеті «Террордың іздері өше бастады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда бөлшектеуші террористтердің Диярбакырдың Сур ауданында шабуылдаған бұрынғы мешіт пен шіркеудің жөндеу жұмыстары басталды. ПКК-лық террористтердің UNESCO Әлем мұра тізіміне тіркелген Диярбакыр және Хейсел бақтары орын алған Сур ауданына жасаған шабуылдар бұрынғы ғимараттарға зиян берді. Жөндеу үшін мұның алдында 5 миллион лира бөлінген бұрынғы Куршунлу, Әзірет Сүлейман, Араб Шейх, Хасырлы мешіті, Төрт бағаналы мұнара мен армян католик және армян православ шіркеуіндегі кіші көлемді зияндар жойылды. Куршунлу мешітіне келтірілген зиянның көп болуы себепті жаңа жоба дайындалады.
Йени шафак газеті «Иранда түрік тауарларының қолдан жасалған үлгілері ортаға шықты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік текстил өнімдерінің Иранда қолдан жасалып нарыққа шығарылғаны ортаға шықты. Стамбұл дайын киім және текстил экспортшылары одағы (ІHKІB) Атқару кеңесі төрағасы Хикмет Танрыверди Иранда түрік тауарларының сапа түсінігінің өте жоғары екенін атап «Иран халқы әсіресе текстил және дайын киім өнімдерінде түрік тауарларына қатты сенеді. Сондықтан мұндай жасанды өнімдердің ортаға шығуы таңқаларлық жағдай емес.» деді.dedi.
Сабах газеті «Түрік әуе жолдары Майамиге ұша бастады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік әуе жолдарының Америка құрлығында Буэнос-Айрес, Сан-Паулу, Торонто, Монреаль, Чикаго, Хьюстон, Лос-Анджелес, Нью-Йорк, Вашингтон, Бостон және Сан-Францисконың артынан 12-ші бағыт ретінде Майамиге тұңғыш сапарының кеше басталды. Стамбұл-Майами рейстері күн сайын екі бағытты ұшады.
Хабертүрік газеті «Берил әлемде үшінші орында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Измирде Көркем өнер лицейінің оқушысы аутизмге шалдыққан Берил Зорлу Канада да ұйымдастырылған және 25 елден аутизмге шалдыққан жастар қатысқан 6. ANCA Бүкіләлемдік аутизм фестивалінде «Сахна өнерлері - Жас» категориясында үшінші орын алды. Берил сондай-ақ алдымыздағы жылы ұйымдастырылатын 7. ANCA Бүкіләлемдік аутизм фестиваліне де шақыру алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар