25.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

399271
25.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Қызыл желіні бұзған PYD-ге қарсылық берілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның солтүстік Сирияда қызыл желі ретінде атаған (Желабрус-Азез арасындағы аймақ) Евфрат өзенінің батысына өтуге тырысқан ПКК-ның Сирия тармағы PYD-ге тиесілі қарулы күштері бар екі қайық түрік F-16 жойғыш ұшақтары тарапынан бомбаланды. Қайықтар жойылды. Оқиғаның артынан дипломатиялық қатынасқа өткен АҚШ-қа Анкара «Тамыз айындағы келісімімізге орай PYD Евфрат шекарасынан өте алмайды» деп жауап қайтарды. Түркия Азез-Желабрус желісін ұлттық қауіпсіздік мәселесі ретінде қабылдайды.
Ватан газеті «Шетелдегі сандықтар бүгін жабылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия 1 қараша күні өтетін 1 қараша жалпы депутат сайлауына дайындалып жатқанда, 54 ел мен 113 өкілдікте дауыс беру мерзімі бүгін аяқталады. Түрік азаматтары өмір сүрген елдерде берген дауыстар ұшақтар және дипломатиялық қызметкерлердің жетекшілігінде Түркияға әкелінеді. Анкараға әкелінетін дауыстар 1 қараша күні кешкі уақытта барлық ел көлеміндегі дауыс беру жұмыстары аяқталған соң басқа дауыстармен бірдей уақытта санаққа алынады.
Йени шафак газеті «Нарықтарда жанданды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қытайда экономикалық әлсіреу себепті ел көлемінде және шетелдегі нарықтардағы қысым жеңілдеді. Түркияның 7-ші коммуникациялық жер серігі Түріксат 4B дің ғарышқа жіберілуі, 4.5G тендері, Еуроодақпен 17-ші тақырыптың ашылатыны жөніндегі жаңалықтар, 'Ғасырдың жобасы' ретінде аталған Солтүстік Кипр Түрік Республикасын (СКТР) сумен қамтамасыз ету, отандық автокөліктің прототиптерін танытуына қоса Еуропа Орталық Банкінің «мол ақшаны жалғастыру» шешімі нарықтарды жандандырды.
Хабертүрік газеті «152 елге макарон экспорттаймыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда1922 жылы Измирде кіші бір жайда басталған макарон өндірісі бүгін Түркияның ең маңызды экспорт салаларының біріне айналды. Түркия 152 елге жылына 735 мың тонна макарон экспорттайды. Экспорттың 58 пайызы болса Африка мемлекеттеріне жасалады. Италия 25 пайыз үлеспен ең үлкен макарон өндірушісі болса, Түркия 10 пайыздық өндірісімен тізімде 3-ші орында.
Стар газеті «TRT экранынан Шығыс әуендері» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Азия-Тынық мухит хабар таратушылар одағы «ABU» тарапынан ұйымдастырылған ABU TV ән байқауы фестивалі TRT-нің қонақжайлығында 28 қазан күні Стамбұлда жүзеге асады. Биыл 4-ші рет ұйымдастырылатын фестивальге 12 хабар таратушы мекеме және осыларға өкілдік жасайтын 12 атақты әнші мен топ қатысып, әндерін орындайды. Түркияның атынан Мурат Далкылыч өкілдік жасайтын фестиваль 68 ел тарапынан тамашаланады және TRT Музыка арнасынан тікелей эфирде жарияланады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар