24.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

398375
24.10.2015 күнгі түрік баспасөзі


Хабартүрік газеті хабарын «Халебтен 100 мың сириялық Түркияға қарай ілгерілеуде» деген тақырыбымен берген. Газет Сириядағы жергілікті қайнар көздер Ресейдің Халеб қаласы және маңында жалғастырған әуе операциясынан кейін қауіпсіз аймақ үшін жолға шыққан 100 мың адамның Килис шекарасына қарай ілгерілегенін жазған. Хабарда соғыстан қашқан мыңдаған босқынның 3 күн ішінде шекараға жететініне орын берген.


Ватан газеті «Аралық аймақ үстелде» атты тақырып қолданған. Газет АҚШ, Ресейдің әуе шабылуы кесірінен артқан келімсек толқына алдында Түркияның неше айдан бері айтып келген Сирия шекарасына «аралық аймақ» ұсынысын қайтадан қолға ала бастағанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда жергілікті баспасөздердегі хабар бойынша Президент Барак Обаманың орынбасарлары, Пентагон лауазымдарымен бірге дүйсенбі күні Акүйде мүмкін бір «аралық аймақ» сценарисі ұсынысын қолға алды. Сценарилер арасында аралық аймаққа АҚШ, Түркия және Иордания әскерлерінің орналастырылуымен қатар АҚШ ұшақтары тарапынан қамтамасыз етілетін тыйым салынған аймақ таңдауы да бар.


Сабах газетінің «Ашура береке-бірлікке себеп болсын» деген хабарында Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ислам әлемінің Ашура күнін құттықтағанын хабарлаған. Газет Ердоғанның «Ашура күнінің Сирияда, Иракта, Палестинада, Мысырда, Ливияда, Мьямада және тағы басқа көптеген елде зұлмат астында өмір сүрген бауырларымыздың азаттығының сүйінші болуын, мұсылмандардың береке-бірлігіне себеп болуын тілеймін» дегенін білдірген.


Йени Шафак газеті хабарын «Шетелдіктер көзін Түркияда емдеуде» атты тақырыбымен берген. Хабарда Анкара сауда палатасы тарапынан медицина туризміне байланысты дайындалған рапорт бойынша Түркияға көптеген шетелдіктер көзін емдеу үшін келгендерін баяндаған. Хабарға қарағанда медициналық туризмде талпыныс көрсеткен Түркия мықты дәрігерлері, арзан бағасы және ынталандыру арқылы әлемде алғашқы орынды иелеуде нысаналауда. Газет Түркияға ең көп Ливия, Германия, Ирак және Әзірбайжан азаматтарының емдеу үшін келгенін хабарлаған.


Хүрриет газеті «Темекімен бірдей» деген хабарында Әлем денсаулық сақтау ұйымы жасалған етке ескерту жасағанын жазған.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар