01.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

372774
01.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті хабарын «Жаһандық экономика саммиті Стамбулда өтеді» деген тақырыбымен берген. Газет Стамбул қаржы саммитінің 8 қыркүйек күні басталатынын жазған. Хабарда екі күн жалғасатын саммитте экономикада серпілу жолдары ізделген және Федерал резерв жүйесінің басатын қадамдары күтілген бір кезеңде маңызды мағлұмат берілетінін жеткізген.


Сабах газетінің «Үшінші ширек үлкеюі үшін болымды сигнал» атты хабарында осы жылдың екінші ширегінде ішкі талапқа байланысты күштердің үлкеюі үшінші ширекте де жалғасқанына орын берілген.


Йени Шафак газетінің «Орыстар АСЕЛСАН-ға қызығушылық көрсетті» атты хабарында Ресейде ұйымдастырылған авиация және ғарыш жәрмеңкесінде АСЕЛСАН-ға қатты қызыққанын баяндаған. Газет 50 елге экспорт жасаған АСЕЛСАН жәрмеңкеде Орыс Рособоронэкспорт фирмасымен үшінші елдерге сату жөнінде келісімге барғанын жариялаған. Хабарда АСЕЛСАН-ның нысанасының әлемде 50-ге кіру екенін жеткізген.


Хартүрік газеті «Биржа Стамбул және DMCC сауданы дамытады» деген тақырып қолданған. Газет Дубайдың еркін сауда аймағы DMCC мен Биржа Стамбул екі жықты қарым-қатынастарын дамыту үшін бір келісім жасағанына орын берілген. Хабарда тараптардың екі жақты сауда жұмыстарын ілгерілету және нарыққа қатысушылары үшін ынтымақтастық келісім рәсімінің DMCC-нің үй иелігінде жүзеге асырылғанын мәлімдеген.


Ватан газетінің «Түрік ұшқышы үлкен табысқа жетті» атты хабарында АҚШ-та орын алған НАТО ұшқыш мектебінде білім алған түрік соғыс ұшқышы лейтенант Бугра Балданның үш салада бірінші болып барлық жүлдені жеңіп алғанын хабарлаған.


Хүрриет газеті хабарын «Сүлейман Сұлтан көрмесі Катарда» атты тақырыбымен берген. Газет 60-тан астам елде қойылған «Сүлейман Сұлтан» фильмінің Стамбулда ашылған көрмесінің ашылғанын жариялаған. Хабарда көрменің бірінші бөлімінде Катарда сериалдың қызығушылармен кездесетінін білдірген. Газет көрменің 12-16 желтоқсан күндері аралығында көрсетілетінін жазған.


Миллиет газетінің «Венеция Фильм Фестивалі ертең басталады» деген хабарында биылғы Венеция фильм фестивалінің ерекшелігінің Түркиядан да орын алуы болғанын жеткізген. Хабарға қарағанда Емин Алпердің «Abluka» фильмінің фестивальде алтын жүлде үшін жарысатын 21 фильмнің ішінде. Қазылар алқасында түрік кино режиссері Нури Билге Жейлан да орын алады.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар