18.08.2015. күнгі түрік баспасөзі

Газеттер Түркия үшін маңызды хабарларға орын берген.

332091
18.08.2015. күнгі түрік баспасөзі

Хабер Түрік газеті «Бай туристерді салықсыз тартамыз» деген тақырып қолданған. Экономика министрі Зейбекчи Чешме, Бодрум, Дидим, Мармарис және Анталияның батысында бай туристерді тарту үшін қонақүйлер, ойын-сауық мекендері мен сауда орталықтары болатын салықсыз туризм еркін аймақтары құрылатынын айтты. Хабарға қарағанда шетелдіктерге еркін болатын аймаққа түріктер де төлқұжатпен кіре алатын болады.


Ватан газетіТүрік әуе жолдарына орын берген. Мұнай бағасы 50 долларға төмендеді. Алайда Түрік әуе жолдары билет бағасын арзандатпады. Газеттің жазғанына қарағанда Түрік авиация компаниясының алты айлық нақты табысы 66 пайыз артып, 661 миллион лирадан асты.


Йени Шафак газеті қорғаныс өнеркәсібі саласынан бір хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, қорғаныс өнеркәсібінің соңғы жылдардағы жетістіктері салаға деген сұраныстарда да көрінеді. Салада өткен жылы 11 миллиард долларлық жаңа сұраныс алынды.


Миллиет газетіәуежай саласынан бір хабар жариялаған. TAV әуежайлар холдинг те арасында орын алған консорциум Филлипинде бір тендерге өтініш берді. Тендер бес аймақтық әуежайды басқару мен күтім құқықтарын қамтиды.


Хүрриет газеті болса тарих саласында бір хабарға орын берген. Денизли қаласының Чиврил ауданы шекарасындағы Бейджесұлтан күлтөбесінде Эгей Университеті Археология кафедрасынан Проф. Ешреф Абай басшылығында жүргізілген қазба жұмыстары жалғасуда. Хабарға қарағанда соңғы жұмыстар нәтижесінде бес мың жылдық елді мекен жарыққа шығарылды. Айырықша скелет пен ыдыс-аяқтар табылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар