17.08.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

330939
17.08.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті «Банктер табыс чемпионы» деген хабар жариялаған. Биржа Стамбулдағы банктердің алғашқы жартыда нақты табыстары 4,76 пайыз артып, 8 миллиард 946 миллион лираға көтерілді. «Ең көп табыс Иш Банктікі» деп хабарлайды газет.

Стар газеті де Түрік әуе жолдарының табысына орын берген. Хабарға қарағанда, ТӘЖ жылдың алғашқы алты айында 12,3 миллиард лира табыс тауып,1 миллиард 35 миллион лира нақты табысқа қол жеткізді. Түрік әуе жолдары 2015 жылы Еуропаның үздік әуежайы ретінде таңдалған болатын.


Хүрриет газеті әуе кеңістігіндегі серіктестікке орын берген. Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі акционерлік компаниясы 2013 жылы әлемнің ең ірі ұшақ өндірушілерінің бірі болған Швецияның Saab компаниясымен техникалық серіктестік келісіміне қол қойды.


Миллиет газеті «Нысана – 3 жылда 250 мың адам» деген тақырып қолданған. Түрік Қызылайының басшысы Ахмет Лүтфи Акар 7 айда 60 мың адамнан бағаналы жасуша жинағандарын айтты. Денсаулықты сақтау министрлігінің бағаналы жасуша қоры құрылуы үшін дайындалған жобасы аясында бірінші жылы 50 мың адамнан жасуша жинау жоспарланған болатын. 3 жыл ішінде бағаналы жасу қоры 250 мың адамның деректеріне ие болады.


Хабер Түрік газеті болса шетелдіктер үшін маңызды бір хабарға орын берген. Хабарға қарағанда құрметті демалысқа шыққаннан кейін үй сатып алып, жазы-қысы Түркияда өмір сүретін шетелдіктер үшін көлікте жеңілдік жасалады. Шетелдіктер елдерінен алып келген көліктерін енді Түркияда екі жыл бойы үздіксіз қолдана алады.


Йени Шафак газеті «Кекүкке жылжымалы кітапхана» деген хабар жариялаған. Түркия Дін істері қорының үлесімен Ирактың Керкүк қаласында жылжымалы кітапхана ашылды. «Икра» жылжымалы кітапханасында түрік, араб және күрд тілдерінде кітаптар бар. Кітапхана көбіне бастауыш және орта мектеп оқушыларына арналған.


Миллиет газеті жастардың чемпиондығына орын берген. Түркия 16 жыл бұрын танысқан су асты хоккейінде 23 жастан төмен жастар үлкен табысқа қол жеткізді. Түрік жастары Испаниядағы әлем чемпионатында бірінші орын алды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар