24.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

347088
24.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газетінің «Террорға қарсы шекара бекімі» атты хабарында қақтығыс болған Сирия шекарасында жаңа шаралар қолданғанын жазған. Газет Сирия шекарасы физикалық қауіпсіздік жүйесі арқылы шекарада 5 метр биіктікте цемент қабырғамен тосылатынын жеткізген. Хабарда қабырғалар үстіне 15 метр ұзындығында бақылау мұнаралары орналастырылатынын білдірген. Хабарға қарағанда құрлықтан және әуеден бақылау жасалады. 233 миллион лира жұмсататын соңғы технологиямен дизайн етілген жүйе Ирак шекарасында да жұмысқа қосылады.


Стар газеті хабарын «Қытай мен Индонезияға 100 іскермен барады» деген тақырыбымен берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның 28 шілде-1 тамыз күндері аралығында Қытай Халық Республикасы мен Индонезияға жасайтын зияратына Түркияның алдыңғы қатардағы 100-ден астам іскерлерінің серік болатынын баяндаған. Хабар бойынша энергия, қаржы, құрылыс, кеншілік, логистика, қорғаныс өнеркәсіп, текстиль, химия, электроника секторынан қатысатын зиярат аясында Пекин және Джакартада мемлекеттер арасы сауда және инвестицияларды ынталандыруға және дамытуға бағытталған іс форумы мен екі жақты кездесулер ұйымдастырады.


Йение Шафак газетінің «Понтилердің дағдарыстан Гөкчеадаға қашуда» деген хабарында Грекияға көшкен понтилердің кейбіреулері осы елдегі экономикалық дағдарыс салдарынан аралға жұмыс орын аша бастағанын хабарлаған. Газет Гөкчеада қала әкімі Үнал Четин ауданда понти адам санының көп екенін, сондай-ақ Грекияда өмір сүрген понтидің бір бөлімінің жылдың белгілі маусымын Гөкчеадада өткізгенін айтқанына орын берген. Хабарға қарағанда көрші елдегі дағдарысының да ықпалы болғанын атап өткен Четин «Гөкчеадада болған понти азаматтарымыз біз үшін өте қымбатты. Оларды өте жақсы көреміз. Грекияда туылған экономикалық дағдарыс бірді қайғыға батыруда» деді.


Хүрриет газеті «Grammy қазылар алқасында» атты тақырып қолданды. Газет әйгілі композитор Башак Яуыздың әлемнің ең маңызды музыка жүлдесінің бірі болған Grammy-де биыл қазылар алқасы міндетін атқаратынын жариялаған. Хабарда Нью-Йоркта музыка білімін алғаннан кейін Түркияға оралған Яуыздың алғашқы таспасымен назар аударғанын білдірген.
Миллиет газеті хабарды «Түркиядан екі кинорежиссер Сараевода» деген тақырыбымен берген. Газет 14-22 тамыз күндері аралығында ұйымдастырылатын Еуропаның маңызды фестивалінің бірі Сараево Фильм Фестивалінің сайысына Түркиядан екі кинорежиссерінің фильмінің таңдалғанын жеткізген.

 



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар