21.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

383136
21.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газетінің «Түркия тұқымда орталық болуда» деген хабарында Түркияның өткен жылдарда тұқым импорт ел еткенін, қазір болса экспорт еткен елге айналғанын жазған. Газет ауыл шаруашылық дамыту орталығы бас директоры Али Осман Сарының Түркияның тұқым экспортының 2002 жылынан осы таңға дейін үлкен арту көрсеткенін және Түркияның алдымыздағы жалдарда әлемнің тұқым базасы болатынын айтқанына орын берген.


Хабартүрік газеті хабарды «Сода күлінде көп сатып алу жүзеге асты» деген тақырыбымен берілген. Газет Жинер тобы әлемнің ең үлкен сода күлі өндірушісі OCI Wyoming-нің пайызына ие OCI Wyoming-нің фирманың 75 несиесін алғанын хабарлаған. Газет осылайша Жинер тобы әрі Түркия, әрі сода күлі өндірісінде әлем лидері болғанын жазған.


Хүрриет газетінің «Шоколадтың кітабын түріктер жазуда» атты хабарында Еуропа бәсекелесін қинаған, сондай-ақ кейбір орынды сатып алған түріктер енді шоколад кітабын жазғанын жеткізген. Хабарға қарағанда Йылдыз техникалық университеті және Елван тобы ынтымақтастығымен жазыла бастаған «Шоколад ғылымы және технология» атты еңбектің сектор үшін жол сілтеуші болатыны білдірілуде.


Ватан газеті «Түркияда 30 провинцияда барыс өмір сүруде» деген тақырып қолданған. Газет Қаратеңіз университеті жабайы аңдар экологиясы және басқару бөлімі төрағасы профессор Сагдан Башкаяның «Барыс тұқымы Түркияда ешқашан таусылмады. Ең көп Шығыс Анадолыда, одан кейін Шығыс Қаратеңізде. Осы күнге дейін 8 провинцияда барыстардың өмір сүргенін белгіледік» дегенін мәлімдеген.


Хүрриет газеті хабарды «Испартада 1300 жылдық тұқым табылды» деген тақырыбымен берген. Газет Испартаның Ялвач ауданындағы Pisidia Antiocheia ежелгі қаласында жасалған қазба жұмыстарында 7-ші ғасырға тән болған тұқым түрлерінің табылғанын жеткізген.


Стар газетінің «Аквариум адам тарихқа жазылды» атты хабарында Бейбіт және еркіндік мерекесін тойлаған Солтүстік Кипр Түрік Республикасында кеше мағыналы бір рекордқа куәгер болғанына орын берілген. Хабарға қарағанда Түркияның «Аквариум адам» ретінде танылған әйгілі сүңгуір Жем Карабай 72 сағат судың астында ұзақ өмір сүрген адам рекордын жаңалады.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар