25.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

319542
25.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті «Еуропа ұялсын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуропа парламенті Түркия репортері Кати Пири Еуроодақтың босқын саясатын қатаң бір тілмен сынға алды. Пири Түркия 2 миллион сириялыққа құшақ жайып отырғанда, 20 мың босқынды Еуроодақ мемлекеттері арасында 2 жылдың ішінде бөлісу жайлы пікір таластарының Еуропаны ұятқа қалдырғанын атап айтты. Пири Еуроодақ мемлекеттерінің адам құқықтары тақырыбындағы сенімді жоғалтпау керектігін атап көрсетті.
Стар газеті «Ең жаңа трендтер балконы бар резиденциялар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тық жылжымайтын мүлік фирмасы «Keller Williams» Түркиядағы резиденция жобасын тексерді. Түркия көлемінде ең көп резиденция жобасына Стамбұл, Анкара, Измир және Анталияда орын берілгенін, жаңа трендтердің болса балконы бар резиденциялар екенін атап көрсетті.Кеңесшілік фирмасы Түркиядағы жобалар мен тұрғын үй нарығына шетелдіктердің де қатты назар аударғанын жариялады. Жылына миллиондаған шетелдік турист келген Анталия болса әсіресе шетелдіктер қатты назар аударған жерлердің басында келеді.
Хабертүрік газеті «Шетелдік инвестиция биыл 12 миллиард долларға ұласады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия 2014 жылы тартқан 12.1 миллиард долларлық инвестициямен өткен жылғы орнын сақтап, әлемде 22-ші кезекте орын алды. Өткен жылы әлемде инвестиция кірісі 16 пайыз азайды. Биыл шетел инвестициялары нысанасын 12 миллиард доллар ретінде белгілеген Түркия даму жолындағы мемлекеттер арасында өткен жылы 12-ші, Батыс Азия аймағында болса 1-ші кезекте орын алды.
Хүррийет газеті «Иран түрік асыл тасына тоймайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия экспортшылар Мәжілісі мағлұматтарына қарағанда Иранға Түркиядан асыл тас экспорты осы жылдамдығымен жалғасатын болса, 2015 жылы рекорд жасайды. Мамыр айында 193.7 миллион долларлық экспорт жүзеге асып жатқанда, 5 айлық асыл тас экспорты 404 миллион долларға ұласты.
Миллийет газеті «Грек аралдарында арзан демалыс аяқталады, туристтер бағытын Түркияға айналдырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Грекияның дағдарыстан құтылу үшін аралдарда салықтарды арттыру жоспары туристтерді алаңдатты. Арзан баға себепті демалыс үшін таңдалған аралдарда салықтың 6.5 пайыздан 13 пайызға, ресторан салығының да 13 пайыздан 23 пайызға арттырылуы жоспарланады. Көршідегі бұл жаңалық түрік туризмін жандандыратын көрінеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар