12.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

302279
12.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті «Отбасы шаруашылығына мемлекеттік қолдау» деген хабар жариялаған. Еуропада егіншіліктің негізі болып табылатын отбасы шаруашылығы үлгісі Түркияда да іске асырылады. Егіншілікте ауылдан қалаған көшке кедергі болатын осы үлгі арқылы тиімділік пен жұмыс күші артады. Мемлекеттік қолдау берілетін отбасы шаруашылықтары үшін Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және мал шаруашылығы министрлігі де жол картасын дайындады. Министрлік 2 миллионнан астам отбасы шаруашылығының нығайтылуы мақсатымен жұмыс есебін дайындады. Осыған орай отбасы шаруашылықтары өнімдерін сататын атмосфера қалыптастырылады, медициналық мүмкіндіктері қамдалады және шағын және орта мөлшерлі кәсіпорындарды жетілдіру басқармасы несиесінен пайдалану үшін де техникалық кеңес беріледі.
Хабер Түрік газеті «Шетелге ақша жолдауға жеңілдік» деген хабарға орын берген. Түрік лирасының шетелге тек банктер арқылы шығарылуына байланысты ереже жойылды. Хабарға қарағанда еркін шығарылатын ақша мөлшері 13700 түрік лирасынан 25 мың лираға, валюта болса 5 мың доллардан 10 мың евроға көтерілді. Осы мөлшерден көп ақшаны шығару үшін болса Қазына кеңесшілігі қарасты болған министрлік анықтайтын ережелер жүзеге асырылады.
Ватан газеті «Үздік 50-де түріктің алты университеті» деген хабар жариялаған. Жоғары оқу ордаларының халықаралық мекемесі «The Times Higher Education(THE)» Азия Университеті тізіміне енген Түркиядан 6 университет алғашқы 50-де орын алды. Алғашқы жиырмаға түріктің 3 университеті кірді. Азия университеттері тізімінде Таяу Шығыс Техникалық Университеті (ODTÜ) 12-ші, Бұғазіші Университеті 14-ші, Стамбул техникалық университеті болса 19-шы кезекте орын алып, Азияның таңдаулы білім ордалары қатарына енді.
Стар газеті «Миланның жалғыз әйел моделі» деген хабарға орын берген. Халықаралық атаққа ие модель Түлин Шахин ерлер модасына қосқан өзгеше көзқарасымен назар аударған Милан ерлер мода апталығында жалғыз әйел модель ретінде сахнаға шығады. Шахин батыл, көркем және люкс дизайндар көрсетілетін сән шеруінің 20 маусым күнгі жабылу салтанатында орын алады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар