16.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

276960
16.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газетінің «Зұлматты тоқтау керек» деген хабарында Иерусалимде зиярат еткен алғашқы Дін істер басқармасы төрағасы Мехмет Гөрмездің Месжид-и Аксада уағыз беріп, жұма намазын қылдырғанына орын берген. Газет мыңдаған мұсылмандарға үндеу тастаған Гөрмездің «Иерусалимдегі бауырларымызға жасалған зұлматты тоқтату керек. Түркиядағы бауырластарының осы зұлматты аяқтату жауапкершілігі бар» дегенін жеткізген.


Йени Шафак газетінің «Еуразия түнелдері үшін қоршаған орта жүлдесі берілді» атты хабарында Еуропа құрылыс және өркендеу банкі EBRD-дің жалғастыру тұрғысынан ең маңызды жобаларға берілген «Ең үздік қоршаған орта және әлеуметтік жұмыстар» жүлдесін биыл Еуразия түнелі жобасының алғанын білдірген.


Стар газетінің «Еуропаның 28 елі бір Түркияға жетпеді» деген хабарында 2008 жылы соңғы айларында пайда болған дағдарыстың әсіресе Еуропаға зиян тигізген кезде Түркияның керісінше бір тұғыр ортаға қойғанын жазған. Хабарға қарағанда Еуропаның 28 елінде жиыны 5,9 миллион адам жұмысынан айырылған кезде Түркияда бірдей мерзімде жұмыс тапқандар саны 4,2 миллион болды. Түркия осы мүмкіндіктер арқылы іштерінде АҚШ-та болған 34 Экономикалық өркендеу және ынтымақтастық ұйымы елдерімен жалғыз өзі бәсекеге түсті. Дағдарыспен арпалысқан Еуропадағы түріктер үшін де Түркия үміт болды. Елге оралғандар саны соңғы кезеңде артты.


Хүрриет газетінің «Келли Брук тағы Бодрумда» атты хабарында әлемге әйгілі теледидар дикторы Келли Бруктың Бодрумға демалысқа келгенін жариялаған.


Хабар Түрік газетінің «Спортпен шұғылдану өмірді ұзартады» деген хабарында жүйелі түрде спортпен шұғылданған адамның өмірінің ұзын болғанына орын берілген. Газет Норвегия Осло университетінің зерттеуі бойынша аптада 3 сағат спорт жасаған адамның басқа адаммен салыстырғанда 5 жыл ұзын өмір сүргенін дәлелдегенін жариялаған.


Миллиет газетінің «УЕФА міндет берді» деген хабарында УЕФА түрік төрешісі Хүсейін Гөчек пен Халис Өзкахяға 12-14 маусым күндері аралығында ұйымдастырылатын 2016 Еуропа Футбол Чемпионаты іріктеу матчтарында төрешілік жасау міндетін бергенін мәлімдеген.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар