15.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

275623
15.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газетінің «Ең кеш 2019» атты хабарында Президент Режеп Тайып Ердоғанның Әділет және даму партиясының 7 маусым күнгі сайлауда жалғыз өзі атазаңды өзгерте алатын басым дауыс алған жағдайда Түркияның жүйесінің қалыптасатынын айтқанын баяндаған. Газет Ердоғанның «Сол кезде президенттік жүйесі атқарыла басталады. Бұл мерзімнің 2019 жылы бола ма? әлде тіпті ерте бола ма білмеймін» дегеніне орын берілген.


Йени Шафак газетінің «Өркендеу және жақсы тұрмыс үшін саяси тұрақтылық керек» деген хабарында премьер-министр орынбасары Али Бабажанның Түркияның «Үлкен 20» тобы ішінде лидер болудың маңыздылығына тоқталғанын жеткізген. Хабарға қарағанда жаһандық деңгейде тез қарқында өзгерген экономикалық және саяси теңдік ішінде Түркияның өз ішінде атқарған саясаттарының маңызды екенін түсіндірген Бабажан келесі кезеңде, әсіресе өркендеу және баю тұрғысынан Түркияның алдымыздағы ең маңызды тақырыптың саяси тұрақтылық болғанын білдірді. Саяси тұрақтылықтың іргетасының бос және саясат былықпа болған бір елде өркендеу мен баюдан сөз қозғаудың мүмкін емес екенін түсіндірген Бабажан «Сондықтан саяси тұрақтылық болуы шарт. Саяси тұрақтылықтың іргетасы мықты болуы керек» деді.


Ватан газетінің «Түркия жедел көмек көрсету күшінің лидері болады» атты хабарында Түркияның үй иелігінде Анталияда ұйымдастырылған НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысынан маңызды бір шешім шыққанын жазған. Хабар бойынша НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг осы шешімді мына сөздермен жариялады. «НАТО жедел көмек көрсету күшінің үлкендігі мен тездігін арттырудамыз. Жоғарғы деңгейдегі жедел көмек көрсету күші де осы жұмыстардың басында . Түркия НАТО жедел көмек көрсету күшін құраған басқа 6 одақтас елдермен бірге алдымыздағы жылдарда лидерлікті мойнына алу шешімін жасады. Түркияның шешіміне риза болдық.


Сабах газетінің «Түрік әуе жолдары ұшақтары Анкарадан тікелей 7 елге ұшады» деген хабарында Анкара өнеркәсіп палатасы төрағасы Нурреттин Өздебирдің «Түрік әуе жолдарының Анкарадан аптада 27 рейс болып, шетелде 7 түйінге тағы да тікелей рейс қосу жөнінде уәде бергенін жазған. Газет Өздебирдің «Мәскеу және Дюссельдорфқа тікелей рейс бар. 1 қазан күнінен бастап осыларға Франкфурт, Вена, Брюссель, Лондон, Тегеран және Амстердам қосылады. Келесі жылы Берлин, Гамбург, Кельн, Копенгаген, Стокгольм және Парижге де рейс барады» дегенін жеткізген.


Хүрриет газетінің «Үлкен жүлде Дамлаға тән» атты хабарында Милан халықаралық фильм фестиваліне «Теңіз деңгейі» деген фильмінің назар аударғанын мәлімдеген. Газет фильмнің бас актрисасы Дамла Сөнмездің «Ең үздік әйел актриса», фильмнің кинорежиссері Нисан Дағ мен Есра Сайданның болса «Ең үздік режиссер» болғанын жазған.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар