03.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

259490
03.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «TRT World әлемді құшақтайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ТРТ-нің ағылшын тіліндегі арнасы «TRT World», ғаламтор мен әлеуметтік медиада орнын иеленді. «Әлемге айтатын сөзіміз бар» деген ТРТ Бас директоры Шенол Гөка бұл эфирлермен ТРТ-нің әлемді құшақтайтынын «TRT World»тің өте сапалы, бәсекелес, халықаралық тұрғыдан да атын айтқызатын бір арна болатынын жеткізді.
Йени шафак газеті «Егіншілікте нысанамыз бесінші орын алу, қазір әлемде жетінші орындамыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия егіншілік саласында Еуропада бірінші, әлемде жетінші орында тұр. 1 мың 600-ден астам егіншілік өнімін 180 мемлекет сатып алады. Түркияның 2023 жылғы нысанасы болса әлемнің алғашқы бес егіншілік өнімі өндірген елдердің біріне айналу.
Сабах газеті «100 жылдық тарихи құжаттарға сүйенген армян қауесеттері мен шындықтар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұл Айдын Университеті 100 жылдық армян мәселесі үшін «Тарихи оқиғалар негізінде армян оқиғалары халықаралық симпозиумы» ұйымдастырылды. Док. Майкл Гунтер 1915 жылы Османлы жүзеге асырған қоныс аудару армяндардың мүддесіне бір шешім болғанын, армян қоныс аударуы кезінде негізгі мақсаттың тұрғын санын кең аймаққа тарату екенін атап айтты. Док. Гунтер Османлы аймағының батыс аймақтарында өмір сүрген армяндардың да шығыс аймақтардағы қоныс аударуға қарсы шықпағанын атап көрсетті.
Миллийет газеті «Түрік торпедасы сахнада» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АСЕЛСАН, торпеда шабуылына қарсы қорғаныс торпедасын 12-ші Халықаралық Қорғаныс өнеркәсібі көрмесі IDEF-15 те танытады. TORK деп аталған торпеда түрік бағдарламасымен жұмыс істейді. Кемелер TORK арқылы одан сенімді жүзе алатын болады.
Ватан газеті «Латын турист саны түрік сериалдары арқылы көбейеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік сериалдары Чили, Аргентина, Бразилия, Перу сияқты Оңтүстік Америка елдерінде рейтинг жасауда. Түрік туризм фирмалары да сериал фильм самалын Орташығыстың артынан бұл аймақта да пайдаға айналдыруды көздейді. Әуе жолы мүмкіндіктерінің артуы және Түркияға тікелей рейстермен келу жеңілдігі де сұраныстың артуына себеп болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар