01.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

257802
01.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газетінің «НАТО-дан Түркия жөнінде мәлімдеме» атты хабарында НАТО Еуропа одақтастық күштері жоғарғы деңгейдегі Америка генералы Philip Breedlove-ның Еуропа мен Орташығыс арасындағы шетелдік жауынгерлердің кіруінің барлық Еуропаның мәселесі екенін айтқанына орын берген. Хабарға Philip Breedlove «Бұл одақтасымыз Түркияның тікелей кездескен мәселесі болып табылады. Өйткені аймақтағы оқиғалар Түркияның шекарасында туылуда. Сонымен қатар аймақтағы оқиғалардың Түркияға тарау ықтималы және мемлекеттегі 1,6 миллионнан астам босқындар сияқты Түркияға тікелей ықпал жасаған көптеген мәселелер сынды тиек болуда» деді. Газет осыған қарамастан Түркияның Еуропаның лидерлігіндегі коалицияның күшті бір одақтасы екенін баяндаған Breedlove-нің Түркияның шетелдік жауынгерлер жөнінде сынға тартылмауы керектігін айтқанын хабарлаған.


Ватан газетінің «ИШИМ жолында 384 ұсталды» деген хабарында Стамбул террормен күресу және ақпарат барлау бөлімшесі топтары ИШИМ-ге қатысқандарды тосу үшін бір жыл бұрын Ататүрік пен Сабиха Гөкчен әуежайы және Стамбул стансасында анализ түйіндерін құрғанын жазған. Хабарда полициялардың ИШИМ-ге қатысу мүмкіндігі аясында күдіктенгендерді әуежайындағы бөлмеге алып сұраққа тартқанын жеткізген.


Сабах газетінің «Best Western-дің аймақ орталығы Түркия болды» атты хабарында азық-түліктен жеке адамның денсаулығына, телекомуникациядан қатынасқа дейінгі көп саланы қамтыған халықаралық фирма Түркияны аймақтық база деп жариялағанын жазған. Хабарға қарағанда өткен жылы 36 миллион турист зиярат еткен Түркия 4 мыңнан астам қонақ үйі болған және әлемнің қонақ үй тізбегінің бірі болған Америкалық Best Western-дің аймақ орталығы болды.


Стар газетінің «Түркия медициналық туризмде алғашқы 10 ел қатарында» деген хабарында әлем туризміне бағыт сілтеген лидерлер Әлем туризм форумы аясында Стамбулда бас қосып секторды қолға алғанын жариялаған. Газеттің хабары бойынша әлемде медициналық туризмінің тез қарқында дамығаны білдірілген жиналыста Түркияның да медициналық туризмінде әлемнің алдыңғы 10 елі арасында орын алғаны атап өтілді. Өткен жылы 450 мың шетелдік ауру емделу үшін Түркияға келді.


Хабар Түрік газетінің «Lena Chamamyan 15 мамырда Стамбулда болады» атты хабарында Сириялық әйгілі әнші Lena Chamamyan-ның 15 мамыр күні Стамбул Конгресс Орталығында бір концерт беретініне орын берген.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар