29.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

254777
29.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Алдымен АФАД-тың жәрдемдері ұласты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Непалда үйінділер астында қалғандарды құтқару жұмыстары үшін әлемнің көптеген мемлекетінен жәрдем топтары елге барды. Астана Катмандуда әртүрлі аймақтарда іздестіру жұмыстарын жүргізген топтар арасында түрік топтары тағы ерлік көрсетті. Премьер-министрлікке қарасты АФАД құтқару топтары елге барған алғашқы шетелдік құтқару тобы болды. Ел баспасөзі түрік топтарының белсенді жұмыстарын мақтан тұтты. Ағылшын тілде жарық көрген жоғары тиражды газеті Катманду поштасы түрік топтарының табысын тақырып қылып «Непал мемлекеті кешікті, АФАД үлгерді» деген пайым жасады.
Йени шафак газеті «Чанаккалеге 100 жылдық ескерткіші салынды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әлем түрік форумы Чанаккале шәйіттерін еске алу үшін іске кірісті. Стамбұлда жүзеге асқан 3 күндік жиналыстарда Чанаккаледе шайқасқан және шәйіт болған бүкіл түрік қоғамдары атынан «Түрік әлемі ескерткіші» салуға шешім қабылданды. Ескерткіште әзірбайжандық ақын Ахмет Жевадтың өлеңінен бірнеше жұмақтың да орын алуы мақұлданды. Сондай-ақ Чанаккале соғысының түркітілдес мемлекеттер үшін маңызын ортаға қойған кітаптар да жарық көреді.
Ватан газеті «АҚШ-тық NGPI ден 400 миллион долларлық геотермал инвестициясы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тық энергия фирмасы ‘New Generation Power International’ (NGPI), 400 миллион долларлық инвестициямен Түркияда 100 мегаватт күшінде геотермал энергия станциясы құру үшін «Yılsan Holding», «Mineks International» ve «DCM Energy» фирмаларымен ынтымақтастық келісімі жасады. 20 жыл жұмыс істеуі жоспарланған станция Түркияның солтүстік батысында құрылады. Жобаның 10 мегаваттық бөлімі биыл іске қосылады.
Хүррийет газеті «Павильон біздің жұмысымыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Milano Expo 2015» аясында бөлінген орын тұрғысынан ең үлкен 5-ші қатысушысы ел ретінде Түркия кейін қатысу шешімі қабылдаған организацияда «құрылыс рекорды» жасады. 1 мамыр күні ашылатын және 6 ай бойы әлемнің ең үлкен жаһандық таныту организациясы «Expo»-да алдында 3 мың текшеметр болып жоспарланған павильон алаңы 4 мың 170 текшеметрге жеткізілді. Түркия азық-түлік тақырыбын таңдаған іс-шаралар аясында береке мен байлықтың символы ретінде анарды таңдады. Көрме алаңына 40 анар ағашы мен 2 шынар ағашы егілді.
Стар газеті «BІST алтын саудасында әлем нарығына шықты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда құнды кен бітімгер мекемелерінің бірі «Troy кен» фирмасы іске асырған «Gold Takas» арқылы Биржа Стамбұл Құнды кендер мен қымбат тастар нарығы және Капалычаршы әлемдік инвесторларға ашылды. Биржа Стамбұлға интеграцияланған «Gold Takas» арқылы жүйеде есеп шот ашатын жергілікті және шетелдік инвесторлар тікелей Биржа Стамбұлда алтын, күміс, платина және палладий өнімдерін сатып алады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар