10.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

232770
10.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабер Түрік газеті «Қаржы көрсеткіштері ЕО мүшелерінен жақсы» деген хабарға орын берген. Бельгияның бас қаласы Брюссельде Түркия-ЕО аралас ақылдасу комитетінің жиналысында сөз сөйлеген Еуропа Одағы министрі Волкан Бозкыр келіссөздерде саяси кедергі салдарынан соңғы 4 жылда тек бір тақырып ашылғанына қарамастан, Анкараның реформа үдерісін табандылықпен жүргізгенін атап көрсетті. Бозкыр саяси кедергілер жойылатын болса, 34 тақырыптың 28-ін ашуға және 14-ін аяқтауға дайын екендерін айтты. Газеттің жазғанына қарағанда Бозкыр «Түркия ретінде қаржы көрсеткіштеріміз Еуроодаққа мүше 22 елден жақсы» деді.
Йени Шафак газеті ТАНАП жобасына орын берген. Хабарға қарағанда, Әзірбайжан, Түркия және ағылшын компаниясы BP үлескер болған жобаға Иранмен қоса басқа елдер де назар аударып отыр. Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз сауда шарттары қалыптасқан жағдайда Иранның ТАНАП табиғи газ желісінен үлес алуының мүмкін екенін айтты. Каспий теңізі газын Еуропаға тасымалдайтын ТАНАП 2018 жылы іске қосылады.
Стар газеті «Түркияға 100 метр емес, марафон жүгіруге келдік» деген тақырыппен хабар жариялаған. Түркия нарығына екі жыл бұрын кірген орталығы Кувейтте болып табылатын Бурган Банк Түркиядағы істерін арттыруда. Бурган банк Түркия директоры Мурат Динч қазір 59 филиалдарына бар екенін және бес жыл ішінде 100 филиалды банк болуды жоспарлағандарын білдірді. Бурган банк елдегі ірі үш банктың бірі болуды нысаналап отыр.
Сабах газеті Еуропа адам құқықтары сотының үкіміне орын берген. Рим католик шіркеуінің жамағаты Мейірім монах әйелдер одағы Стамбулдың ең қымбат жерлерінің бірі Бебек бөктерлеріндегі 200 миллион евролық жердің өздеріне тиесілі екенін алға тартып, сотқа жүгінген еді. Өтінішті кері қайтарған Еуропа Адам құқықтары соты аталмыш жердің ешқашан Мейірім монах әйелдері одағына жатпағанын көрсетті. Қазір сол жерде Француз лицейі қызмет беруде. Бұрын жетімдер үйі мен психиатрия ауруханасы болған.
Миллиет газеті «Түрік профессор Италияда ғылыми кеңесші болады» деген хабар жариялаған. Таяу Шығыс Университеті оқытушысы Проф. Недиме Скеракынджы Италия Денсаулықты сақтау министрлігі тарапынан ғылыми кеңесші қызметіне шақырылды. Рак, діңгекті жасуша және генетикалық саладағы еңбектерімен танымал Серакынджы шақыруды қабылдады. Түрік ғалым Италияда клиникалық және биомедика зерттеулер саласында денсаулық саясатын қалыптастырады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар