03.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

245428
03.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабар Түрік газетінің «Сирия тақырыбы қолға алынды» деген хабарында Сауд Арабиясын зиярат еткен президент Режеп Тайып Ердоғанның корол Селман бин Абдүлазиз Әл-Саудпен өткізген кездесуінде Сирияда оппозицияға берілген қолдаудың арттырылуы жөнінде келіскенін хабарлаған. Хабарда кездесуде Сириямен қатар, Ирак, Йемен, Палестина және Мысырдағы оқиғалардың қолға алынғанын жазған. Газет кездесуде саяси, экономика, қауіпсіздік және қорғаныс сынды тақырыптар баста болып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тіпті де күшейтілуі жөнінде пікір алмастырғанына орын берген.


Сабах газетінің «Мосул операциясына үш баптық қолдау» атты хабарында Анкараның Ирактың ИШИМ-ге бағытталған Мосул операциясын қадағалап отырғанын жеткізген. Хабарға қарағанда осы аяда Орталық Ирак әкімшілігі мен Аймақтық күрд әкімшілігінің ынтымақтастығы жалғасады. Түркия Мосул операциясына белгілі деңгейде қолдау көрсетеді. Ирак армиясына жаттықтыру және жабдықтау жәрдемі жалғасады. Дәрі-дәрмек, азық-түлік және шатыр сынды логистикалық қолдау беріледі. Ирак және Аймақтық күрд әкімшілігімен құпия ақпарат алмастырылады.


Миллиет газетінің «Батыс Фракиядағы түрік аз санды тең азаматтық талап етуде» деген хабарында Батыс Фракия түріктері селбеу қоғамы төрағасы Танер Мұстафаоғлұның Грекияның Стамбул бас консолын зиярат етіп, премьер-министр Алексис Ципрасқа жазған хатын жеткізгенін жариялаған. Хабарда Танер Мұстафаоғлұның Грекия премьер-министрі Алексис Ципрасқа жазған хатында «Батыс Фракия түрік аз санды халық Грекияның бөлшектеуге болмайтын бөлшегі болып табылады. Сіздің оң көзбен қарап, тең азаматтық талап етудеміз» деді.


Йени Шафак газетінің «Энергия өндірісінде алпауыттардан оздық» атты хабарында 2015 энергия өндіріс рапорты бойынша Түркия көптеген дамыған елден озғанын жазған. Газет Еуропа Одағы мен Экономикалық өркендеу және ынтымақтастық ұйымы елдерінен тіпті жақсы перформанс көрсеткен Түркияның 24-ші орынды иелегенін жеткізген.


Хүрриет газетінің «Мыңдаған адам әйгілі жазушы Яшар Кемалды о бір дүниеге аттандырды» деген хабарында Түрік әдебиетінің белгілі қаламгері Яшар Кемалдың дүниеге көз жұмғанын, сондай-ақ кеше мыңдаған адамның әйгілі жазушыны о бір дүниеге аттандырғанын мәлімдеген. Хабарда жазушының әңгіме, роман, сұхбат және мақалаларынан тұратын 50-ге жақын кітабының жарық көргенін және шығармаларының шетелде қайта-қайта басылғанын хабарлаған.


Стар газетінің «Жек көрінген адам Нетаньяху бүгін Конгресте» атты хабарында Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуның АҚШ әкімшілігінің наразылығына қарамастан АҚШ Конгресінде бүгін бір баяндама жасайтынына орын берген. Хабарға қарағанда Нетаньяху баяндама жасайтын кезде жалпы кеңесте АҚШ президент орынбасары Джо Байден төрағалық жасайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар