31.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

204058
31.01.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газетінің «TANAP біз үшін бастартуға болмайтын жоба» деген хабарында Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі жобасы TANAP-тың Түркия үшін бас тартуға болмайтын бір жоба екенін және үш жыл ішінде жобаның тамамдалуын жоспарлағанын айтқанын жариялаған. Газет Чавушоғлұның «Алғашқы қадамдар басылды. Тендір жасалды. Түрікмен газының да Түркия арқылы өтуінің қамтылуын, әрі Түркия, әрі Әзірбайжан қалауда» дегеніне орын берілген.


Хүрриет газетінің «Жапония халқының қайғысын бөлісудеміз» атты хабарында Шанлыурфаеың Акчакале ауданында жапон журналист Казуми Такаяның жол апаты кесірінен қаза табуы әрі өз елі Жапонияны, әрі де 22 жылдан бері өмір сүрген Түркияны қайғыға батырғанын хабарлаған. Газеттің хабары бойынша ИШИМ-нің иорданиялық ұшқыш және жапон тілшісі Кенжи Готоны Акчакаледе еркін қоя берілетіні жөніндегі пайымдауға орай шекара қақпасына барып, оқиғаны қадалаған Жапония Fuji TV тілшісі Такая Акчакаледе туылған жол апатында қаза тапты. Премьер-министр орынбасары Ялчын Акдоған Жапония халқына көңіл айтып, «Туыс-туғандары мен жапон халқына көңіл айтамын» деді.


Йени Шафак газетінің «Түрік лирасының экспортта қолданылуы 25 пайыз артты» атты хабарында Түркия статистика ұйымының көрсеткіштері бойынша түрік лирасының экспортта қолданылуы 2014 жылы өткен жылмен салыстарғанда 25 пайыз артқанын жазған. Хабарға қарағанда соңғы 10 жылдық мерзімде түрік лирасының шетел сауда жұмыстарында қолданылуы болса мөлшермен 11 есе артты.


Ватан газетінің «2014 жылы туризмнен түскен табыс 6,2 пайыз артты» атты хабарында Түркияның туризм табысы 2014 жылы бір жыл бұрынғыға қарағанда 6,2 пайыз артып, 34 миллиард 305 миллион 904 мың доллар болғанына орын берген. Газет Туризм табысының 81 пайызы шетелдік туристерден, 19 пайызы болса шетелде тұратын азаматтардан келгенін жеткізген. Газет сондай-ақ жылдық табыс 6,2 пайыз артып, 34 миллиард 305 миллион доллар болғанын мәлімдеген.


Сабах газетінің «Темекі шектеме іс-шарасында жаңа ізденіс» деген хабарында Денсаулық сақтау министрлігі жаңа талпыныс жобалары арқылы темекі өнімдерінің қолданылуын азайтуды нысаналағанын жеткізген.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар